«Көкнәр-2016» операциясында 3300-ден аса есірткілік құқық бұзушылық қылмысы тіркелді

/uploads/thumbnail/20170709143507576_small.jpg

Алматы қаласында 5 қарашада ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы әділет генерал-майоры Сұлтан Құсетовтың төрағалығымен «Көкнәр-2016» жедел-профилактикалық іс-шарасынын қорытындылау  бойынша  жедел отырыс өтті, бұл туралы «Қамшы» порталы Алматы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Отырыс жұмысына ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті басшылығы, ішкі істер органдарының аумақтық ЕБҚКБ басшылары сондай-ақ Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы – шетел мемлекеттерінің нашақорлыққа қарсы құрылымдарының өкілдері, АҚШ Есірткіге қарсы күрес басқармасы, ҚР АҚШ Елшілігі жанындағы әскери ынтымақтастық бөлімі, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, Ортаазиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы қатысты.

Отырысқа қатысушылар алдында, Сұлтан Құсетов есірткінің заңсыз айналымы еліміздің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігінің негізін жойып жатқан өзекті проблема екенін атап айтты.

Еліміздің аумағына сондай-ақ сырт жерлерге есірткі жинау, қайта өңдеу және таратуға мүдделі қылмыстық топтардың назарын аударатын есірткі тұқымдас өсімдіктердің ірі көзі болып табылатын Қазақстан аумағында Шу алқабы бар.

Біздің еліміздің осы ерекшелігі жабайы өсетін қарасора дайындаудың жолын кесуде, сондай-ақ Шу алқабынан есірткі шығару бағыттарына кедергі қоюда ішкі істер органдарының міндетін айқындап берді.

Арнайы операция қорытындысын шығаруда ІІМ есірткіге қарсы қызметтердің басшысы есірткі тұқымдас өсімдіктерді дайындау және трафик фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ «ауған» есірткілері трафигі арналарын жою, ұйымдасқан қылмыстық есірткі топтарының әрекеттерінің жолын кесу бойынша есіркілік полиция алға қойылған барлық міндеттерді іске асырғанын атап айтты.

«Көкнәр-2016» ЖПІ-ге қатысуға Жамбыл облысы ІІД қарамағына ТДАО, «Арлан» арнайы бөліністері және «Бүркіт» Ұлттық ұланының қосымша күштері және құралдары тартылды.  Операцияға тұрақты түрде ішкі істер органдарының 2300-ден астам қызметкерлері  тартылды.

Құмдағы бару қиын жерлерде модульдық көшпелі қосындар, сондай-ақ таулы жерлерде жүре алатын авто көлік құралдары және пилотсыз ұшатын аппараттар қолданылды.

Бұл Жамбыл облысында жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін арттыруға және тұтас алғанда операцияны орындауға мүмкіндік берді.

Барлығы 4 айдың ішінде «Көкнәр-2016» операциясында 3 300-ден аса  есірткілік құқық бұзушылық қылмысы тіркелді. Оның ішінде 1300 қылмыстың 681 фактісі сату, 60 факті контрабанда, 213 факті  құрамында есірткі бар өсімдік өсіру, аса ірі көлемде сақтаудың 402 фактісі бар.

Заңсыз айналымнан 33 тонна 510 кг түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 52 кг героин, 109,5 кг.гашиш, 32,5 тонна марихуана тәркіленді. 

«Көкнәр-2016» ЖПО барысында есірткі тұқымдас өсімдіктерді заңсыз өсіру плантацияларын анықтауға ерекше назар аударылды.

Осы мақсатта Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы бөлімшесімен бірлесіп,  қарасора егілген жерлерді анықтау, заңсыз плантацияларды ұйымдастырушылар мен есірткі дайындаушыларды ұстау бойынша арнайы операция өткізді.

Нәтижесінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында  есірткі тұқымдас өсімдіктерді заңсыз өсірудің 163 фактісі анықталды. 21 гектардан астам алаңдағы 135 плантация жойылды. 

Бұл ретте 90 мыңнан астам есірткі тұқымдас өсімдіктер немесе 74 тонна үнді қарасорасы жойылды, құрамындағы есірткілік белсенді зат жабайы өсетін шу қарасорасының есірткілік қасиетіне 5 есе асып түседі.

Кең көлемдегі «Көкнәр-2016» жедел-профилактикалық операциясы жыл сайын маусым мен қазан айлары аралығында есірткі тұқымдас жабайы өсімдіктердің піскен кезеңінде жүргізіледі.

Жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

-Шу алқабынан каннабистік топтағы есірткі дайындаумен, шығарумен айналысатын адамдарды анықтау және ұстау, сондай-ақ «ауған» есірткі арнасының транзитін жою; 

- каннабистік топтардағы есірткінің алғашқы шығарылатын жері ретіндегі есірткі өндірісін жою;

- қылмыстық жолмен қаржы кірістерін алу мақсатында қылмыспен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың экономикалық негізін және олардың инфрақұрылымын жою.

- нашақорлық және есірткі қылмысы деңгейін азайту. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи