Сібір жарасынан өлген мал көмінділері тұрғындар үшін қауіп тудыруда (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709143624765_small.jpg

Соңғы уақытта жиі еститін жаңалықтың бірі- малдан шыққан ауру.  Қарасаны бір, топалаңы бар, аусылы бар. Әйтеуір ірі қара мал аурудан бір арылмай-ақ қойды. Біз әдетте оқиғаның салдарынан ғана қорытынды шығарамыз. 2016 жыл Қарағанды, күйдіргі жұқтырған екі ошақ. Бірі –Шет, екіншісі –Ақтоғай ауданы. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмды. Павлодарда да күйдіргінің бір ошағы анықталды, бір адам қайтыс болды. осы оқиғалардан  кейін үкімет індеттің қайдан және қалай шыққанын зерттей бастады. Бұрынғыдай емес, қазір малдарға екпе салынады, шеттен әкелетін малдар жоқ. Бірақ, бір жылда төрт ошақтың шығуы алаңдатпай қоймайды. Себептің бірі мал көметін қорымдарда болуы мүмкін деген болжам жасалды. Күйдіргінің таяқшалары жерге көмілсе де, жүз елу жылға дейін өлмейді. Ауру қоздырғышы кез-келген сәтте көтерілуі мүмкін. Сондықтан ауыл шаруашылығы министрлігіне бес ай ішінде барлық мал көмінділерін тауып, арнайы белгі қою жүктелді.

Салтанат Әбілқасымова, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті, Басқарма  басшысы: Қазіргі таңда республика бойынша біздің кадастр бойынша 2206 ошақ тіркелді, 1592 ошақ қоршалып, оған тиісті ескерту белгілері қойылған.

Есептеп көрсек, ауру қоздырғыш  500-ге жуық координаты әлі белгісіз. «Қауіп жоқ деме, жер астында».  Ұлттық арна журналисті Айнұр Омар апта бойы қауіпті қорымдарды аралаған.  Қауіпті қорымдар  туралы  толық ақпаратты төмендегі бейнесюжетте айтылған. 

 

Материал "Қазақстан" ұлттық арнасының сайтынан алынды. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи