Асылхан Мамашұлы. Түсіністікпен қараймын

/uploads/thumbnail/20170708152554870_small.jpg

Лениндік-маркстік әдіснаманың нұршылдық бағыты бойынша жазылған жаңа саяси тарихқа уызынан жарып өскен жас саясаттанушы, журналистердің «кемеңгер елбасыға арналған» бүгінгі одаларына түсіністікпен қараймын.

«20 жылда бір әділ сайлау өткізбеді, Заманбек пен Алтынбекті сұраусыз кетірді, Жаңаөзенде халықты қырып тастады, бала-шағасын миллиардер қылды» деп зар илесе де, былай шыға «жалпы жаман емес қой, маңдайы жарқырап елім деп жүр емес пе әне, осы күнімізге де әлхамшүкір, тәуба деңдер-ей» деп халыққа уағыз айтатын «саяси жартылай екіқабаттарға» да түсіністікпен қарауға тырысам.

Ат төбеліндей қоғамдық белсенді, оппозициялық саясаткерлерді «бас-басына би болған өңкей қиқым» санап, «антиеуразияшыл» әрекетін далбаса деп есептеп келген, бірақ «жаңа одақта саяси мәселе алынып қалғанына» қатты разы боп отырған қауымға да түсіністікпен қараймын.

Қазақстандық толеранттылық.

Связанные Статьи