КІМДІ КІМ АЛДАП ОТЫР, ӘКІМ ХАЛЫҚТЫ МА, БАСҚАРМА ПРОКУРАТУРАНЫ МА?

/uploads/thumbnail/20170709145119842_small.jpg

Тексерістерді ұйымдастырып отырған Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Таимбетов Бағбан Таимбетұлы

Біздің, яғни Айдын Егеубаев, Мақсат Ілиясұлы Бас прокуратураға қайта-қайта жазған арыздарымыздың, хаттарымыздың нәтижесінде  Шығыс Қазақстан  облысының прокуратурасы қытайдың «Уэйз групп» компаниясының 45%  үлесі бар «Бәтуа» серіктестігіне қатысты  прокурорлық тексерістер жүргізіп жатыр. Тексеру барысында белгілі болғандай,  (облыстық 1-ші басқарма прокуроры Коныров Жандос)  облыс орталығында орналасқан  «ШҚО Кәсіпкерлік және  индустриялық-инновациялық  даму басқармасы» ММ мен «ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басқармалардың  ШҚО прокуратурасына берген жауабының нәтижесі мен облыс әкімдерінің халыққа берген есебімен, облыстың баспасөз қызметі және ҚазАқпарат агенттігі  таратқан мәліметтер бір-біріне қарама-қайшы болып отыр.    

Әкім Бердібек Сапарбаев, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев "Бәтуа" ЖШС директоры Асқар Ізімғалиевпен бірге

 Біріншіден:  Шығыс Қазақстан облысының әкімі  БЕРДІБЕК  МАШБЕКҰЛЫ САПАРБАЕВТЫҢ  халық алдындағы есебі Өскемен қаласында 2013 жылғы 20 ақпанда сағат 11.00 –де С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №5 ғимаратында өткен жиында: http://www.akimvko.gov.kz/kz/otchetnyie-vstrechi-akimov/2013.html                           

«Үш жыл ішінде (2010,2011, 2012 жылдар болса керек «А.Е») Индустрияландыру картасы шеңберінде 195,4 млрд. теңгеге 29 инвестициялық жоба енгізілді.

3 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды, бюджетке түскен салық түсімдерінің көлемі 1,7 млрд. теңге құрап,       1 жұмыспен қамтылғанға шаққанда еңбек өнімділігі  25,9 % өсті.

Жалпы агроөнеркәсіптік кешен бойынша облыста 11,4 млрд. теңге сомасына 119 инвестициялық ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ. Іске асырылған жобалардың ішінде   неғұрлым маңыздылары  – құны 3,1 млрд. теңге  «Өскемен құс фабрикасын қайта құру және жаңғырту» жобасы, құны 500 млн. теңгеден астам «Бобровка плюс» ЖШС «400  бас сиырға арналған сүт-тауар фермасын құру», жобаның бірінші сатысының құны 1350 млн. теңге Семей қаласындағы «Шығыс Бойлер» ЖШС  «Жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын бройлер еті өндірісіне қайта бейіндеу», құны 1450 млн теңге Үржар ауданында «БАТУА» ЖШС соя өндірісі үшін суару желісі мен оған инфрақұрылым құру» деп мәлімдеген. Екіншіден: Шығыс Қазақстан облысының   2015 жылғы әлеуметтік-                                                      экономикалық паспортында: «Бірінші  және  екінші  бес  жылдық  шеңберінде  ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАР» тізімінде  «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша  Үржар ауданы бойынша «Батуа» ЖШС Үржар ауданында пластикалық құбырларының өндірісі үшін 745,3 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ»,-деп көрсетілген.

«Батуә» ЖШС-мен өндірілген пластикалық құбырлардың көлемі 94,0 млн. теңге құрады, 2012 жылдың   деңгейінен 3,8 есе көп»,- дейді ресми құжатта.

Үшіншіден:    «Қазақстандық математик Үржарда иен қалған жерді жасыл алқапқа айналдырды»  http://inform.kz/kz/kazakstandyk-matematik-urzharda-ien-kalgan-zherdi-zhasyl-alkapka-aynaldyrdy_a2689275   деген тақырыпта  «Алматыдан математик Асқар Ізімғалиев үржарлық 300 га қараусыз жерді тамшылатып суару технологиясын қолданып, соя бұршағы алқабына айналдырды. 2011 жылы құрылған  «Батуа» шаруашылығы осы жылдары 7 мың гектардан астам жер игерді, ол жерде сонымен бірге бидай, күнбағыс, жүгері және сұлы өсіріледі. Бұдан басқа, «Батуаның» басшылары құбыр өндіретін зауыт салды, 5000 жұмыскерге арнап вахталық кент құрды, онда асхана, қонақүй, жатақхана бар, ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін заманауи база да салынған.

Өткен жылы құны 3 млрд. теңгеден асатын «Батуа» компаниясының бұл жобасы ҚР Индустрияландыру картасына енді. Кәсіпкерлер бір жарым млрд. теңге игерді, шетелде шығарылған 16 суару жүйесі мен тамшылатып суару жүйесін САТЫП АЛЫП, ОРНАТТЫ.

Асқар Ізімғалиев «Соя алаңында» тікелей суармалы жерді дамыту жөніндегі республикалық семинарға қатысушыларды «Батуа» шаруашылығындағы жаңа технологиялармен таныстырды. ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев пен өңір әкімі Бердібек Сапарбаевқа «соя алаңы» маусымына 7 рет суаруды талап етілетінін айтты.

Өз кезегінде, өңір әкімі Б. Сапарбаев аграршыларды «шетелдіктерден және отандық жас фермерлерден еңбекті ұйымдастыруды, кәсіби біліктілікті үйренуден именбеуге шақырды. «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы 50 пайызға дейін субсидия алуға мүмкіндік береді, халықты ояту қажет»,-деді ол.

Бердібек Сапарбаев мырза «Бәтуа» ЖШС туралы білмейтінін, танымайтынын, көрмегенін айтып еді...  

"Бәтуа" ЖШС 10 млрд. теңге жұмсалған құбыр зауыты.

Төртіншіден:

  2015.02.26  Аким ВКО Даниал Ахметов принял главу крестьянского хозяйства «Бәтуа» Нурлана Биядилова

  Во время встречи были обговорены меры дальнейшей государственной поддержки ТОО «Бәтуа», которое специализируется на выращивании сои, используя методы капельного и дождевального орошения. За период деятельности хозяйством проделана работа по поднятию 8 тысяч га целинной земли в отдаленной местности Урджарского района. ЗДЕСЬ ПОСТРОЕН ЕДИНСТВЕННЫЙ В РЕСПУБЛИКЕ ЗАВОД PVC ТРУБ. Объем инвестиции составил 6 млрд. тенге. Кроме того, привлечены иностранные кредиты в сумме 20 млн. долларов США. Создано более 200 рабочих мест.                                                                           Пресс-служба акима ВКО

Аталған мәліметтерге берілген тексерістің нәтижесі

«Шығыс Қазақстан облысы  кәсіпкерлік және  индустриялық-инновациялық  даму басқармасы» ММ ШҚО прокуратурасына берген жауабына сүйенсек  15.08. 2013 күні облыс әкімі төрағалығымен  өткен арнайы комиссия хаттамасымен  ҚР индустриялық карта бағдарламасы бойынша  «Бәтуа» ЖШС  745,3 млн теңге  көлемінде пластикалық труба шығару өндірісіне қаржы беру туралы шешім қабылданған.  Бұл жобаны ҚР Индустриялар және даму министрі А. Рау  бекітеді. Алайда, «Шығыс Қазақстан облысы  кәсіпкерлік және  индустриялық-инновациялық  даму басқармасы» ММ арнайы комиссия қол қойып, министрлік бекіткен жоспар бойынша бөлінген қаржыны «Бәтуа» ЖШС АЛМАҒАН-МЫС.  Мемлекеттік бағдарламаға кірген жоба, серіктестіктің өз қаражатымен жүзеге асырған дейді.

 Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды:

        ҚР ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫНА  ЕНІП, ОБЛЫС БАСШЫСЫ, ҚР ИНДУСТРИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ БЕКІТКЕН ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕКТІ «БӘТУА» ЖШС НЕГЕ АЛҒАН ЖОҚ?

    ҚР Индустрияландыру карта аясында ешқандай қаржы алмаса ол бағдарламаға кірудегі мақсат қандай болды?  Бұл сұрақтың жауабын ҚР Индустриялар және даму министрі А. Раудан және  облыс басшысынан, «Бәтуа»ЖШС басшыларынан қосымша сауал жасап білетін боламыз.

2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Бәтуа» ЖШС электр қуатымен қамтамасыз ету үшін   ВЛ-35 кв. қуатты ПС 35/10 кв электр станциясын салу үшін 387 млн. теңге бөледі делінген  сұрақтың жауабы: 

  «ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ берген ақпараттарына сүйенсек,  бұл жоба « Жол картасы 2020»  аясында жүзеге асырылып,  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2014.04.29 күні қолдау тауып, 344 782.0 ТЕҢГЕ  ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ. Алайды бөлінген қаржыны, экспертизаның қортындысы дұрыс болмай сол жерде мамандар байқап қалып тоқтатып тастайды. Сол себептен БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ҚАЙТАДАН БЮДЖЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ. 

Бұл жерде туындайтын сұрақ, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ БӨЛГЕН ҚАРЖЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫН ҚАНДАЙ ЭКСПЕРТТЕР ТЕКСЕРГЕН? ҚҰЖАТТАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР ҚАРЖЫ БӨЛІНГЕНГЕ ДЕЙІН НЕГЕ ТЕКСЕРІЛМЕГЕН?  Бұл сұрақтардың жауабын  қосымша хабарлайтын боламыз.

Ал, жоғарыдағы Бердібек Сапарбаевтың халыққа есебінде, ресми құжаттарда «ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ», «СУАРУ ЖҮЙЕСІ САТЫП АЛЫНЫП, ОРНАТЫЛДЫ», «ҚҰБЫР ЗАВОДЫ САЛЫНДЫ, 200 АДАМ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР» деп мәлімдеген.

Облыс әкімі, министрліктер қаржы бөлінді, игерілді, жұмыс орындары ашылды десе, басқармалар бөлінген қаржыны «Бәтуа» ЖШС алмағанын мәлімдеуде.

Бұл жерде кімді кімнің алдап, кімнің жалған ақпарат таратып отырғаны қазірше белгісіз.

Қорыта келгенде, ШҚО Үржар ауданындағы 91 443,1 га  жердің мемлекетке қайтарылатыны немесе сол қалпында қалатыны белгісіз. Сот ісі жалғасуда. Ресми органдар «Бәтуа» ЖШС қаржылық айналымын, несиелер мен субсидияларды заңды немесе заңсыз алғанын анықтауға құлықты болмай отыр. Енді әры қарай ШҚО Бесқарағай ауданындағы  «Long Xin» ЖШС Қытай компаниясы иелік етіп отыр делінген 15 000  га, Үржар ауданы бойынша 91 443,1 га  жерлерді алу мен пайдаланудағы заңсыздықтарды  тексеруге бара жатырмыз.

Тексеріс барысын жариялап отырамыз...  

Айдын Егеубаев, Мақсат Ілиясұлы "Алаш жолы" халықтық қозғалысы

Оставить комментарий

Связанные Статьи