Алматыда отқа оранған танымал қонақ үйден адамдар әзер қашып шыққан (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709145316953_small.jpg

Алматыда өткен түнде тағы бір өрт болды. Бұл жолы қаланың төменгі ауданында орналасқан «Достар» қонақ үйін қызыл жалын шарпыған. Бөлмелердің бірінен тұтанған от тез арада шатырға көшіп, 280 шаршы метр аумаққа таралыпты.

Бұл туралы Ктк арнасы хабарлайды.

Тез арада оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірінші кезекте қызыл жалынның жақын орналасқан нысандарға көшіп кетпеуін ойлаған. Сондықтан алдымен шатыр мен ғимараттың бірінші қабатын сөндіруді бастаған екен. Тілсіз жаумен бір жарым сағат бойы арпалысқан мамандар 30 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда, алдын ала болжам бойынша апатқа сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Оставить комментарий

Связанные Статьи