Мұнай бағасы түсіп, Теңге әлсірей бастады

/uploads/thumbnail/20170709145417361_small.jpg

Мұнай бағасы түсіп, сәйкесінше теңгеміз де құнсызданды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Астана уақыты бойынша 09.47-де Brent маркалы мұнай барреліне 44,83 долларға дейін арзандады. Америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 3,38 пайызға түсті, яғни барреліне 43,48 долларға бағаланды.

Тамыз айынан бері Brent маркалы мұнай баррель тұңғыш рет 45 доллардан төмен бағаланып отыр.  Бұған АҚШ-тағы президент сайлауы ықпал етуі мүмкін.

9 қарашадағы таңғы сауданың бірінші келісімі 341 теңгемен жасалды. Ал ұлттық валютаның минималдық құны 340,6 теңгеге жетті. Максималдық құны - 341,7 теңге. Сауда көлемі 73,55 миллион долларға жетті. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи