Дональд Трамп, президент Барк Обаманың шақыруымен Ақ үйге бас сұқты, деп хабарлайды «Қамшы» порталы BBC-ге сілтеме жасап. Барак Обама Трамп президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін, 8 жыл бұрынғы өзімен салыстырып, оны Ақүйге шақырып «ақыл» айтпақ болып еді.
Жария болған фотолар кездесудің аса сәтті өткенін көрсетпей тұр. Еске салатын болсақ, Трамп сайлау алды науқаны кезінде Обаманы «ең нашар президент» деп атаған болатын.
Бұған дейін Трамп Гавайда туған Обаманың туу туралы куәлігінің қаншалықты заңды екенін ылғи да келемеждеп келген еді.
Олар оңаша кездесулерінен соң баспасөз алдында биліктің бірлігі туралы мәлімделер жасауға тырысқан.
Айта кетер болсақ, Ақ үйде олардың ханымдары Мишел Обама мен Мелания Трамп та кездесті, бірақ олар көңілді әңгімелескен.
Оставить комментарий