"Айдағы балдырғандар" брендінің интерактивтік жобасы іске қосылды

/uploads/thumbnail/20170708152712684_small.jpg

1 маусымда алғаш рет Қазақстанда Esentai Mall сауда-ойын-сауық орталығында «Kids on The Moon (Айдағы балдырғандар)» интерактивтік жобасы іске қосылды. Жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Көрмені Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зауреш Аманжолова, тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы» атағының иегері Тоқтар Әубәкіров және Esentai Mall басқарушы директоры Агнешка Новак ашты. Көрмені ашу қонақтары қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары, танымал дизайнерлер, тележүргізушілер және өздерінің балаларымен Салтанат Баймухамедова, Құралай Нұрқаділова, Толқын Забирова және т.б. болды.

Аманжолова ханым көрмені аша отырып, біздің еліміздің тарихы мен адамның ғарышты зерттеуі тығыз байланысты: Юрий Гагарин өзінің алғашқы ғарышқа ұшуына дәл сол Байқоңыр космодромынан аттанғанын атап өтті. Ол «Айдағы балдырғандар» жаттықтырушы жобасының өскелең ұрпақты ғарышты зерттеуге тарту үшін негіз болатынына сенімді. Айға ұша отырып, дәл осы жерде, балалардың бірі оның тағдырының – ғарыш екендігін түсінуі бек мүмкін.

«Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуын бүкіл әлем бақылады, соның ішінде мен де және көптеген балалар, тіпті ересектердің өздері де сол уақытта ғарышқа ұшуды армандады. « Айдағы балдырғандар» - керемет жоба, мұнда қазірдің өзінде мыңдаған балалар армандарына қол жеткізе алады», - деп өз ойымен бөлісті Тоқтар Әубәкіров.

Связанные Статьи