10 қараша Бейбітшілік пен даму мақсатындағы жаһандық ғылым күнінде ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокова мәлімдеме жасады. ЮНЕСКО басшысы тұрақты даму мен болашақ үшін ғылыми орталықтар мен мұражайларды сақтауға шақырды. Бұл туралы БҰҰ-ның Жаңалықтар орталығы хабарлайды.
«Ғылыми орталықтар мен мұражайлар диалогты дамыту мен өзара түсіністік үшін негізгі алаң болып табылады» деген Ирина Бокова сандық технологиялар заманында ғылыми орталықтар мен мұражайлар қажетті білім алуға мүмкіндік беретін ныснадар екендігін атап айтты.
Қазіргі таңда әлем бойынша 8000 астам ірі мұражай бар. Олардың жұмысына 1946 жылы құрылған ICOM ұйымы қолдау көрсетіп келеді.