АҚШ-тағы сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамп Ресей Президенті Владимир Путиннен хат алғанын мәлімдеді. Трамп сондай-ақ Путинмен жақын арада телефон арқылы сөйлескісі келетінін жасырмады. Бұл туралы «Wall Street journal» хабарлайды.
Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Трамптың сыртқы саясатқа көзқарастары жақын екендігін айтқан болатын. Сондай-ақ Песков түйткілді мәселелерді шешу үшін Ресей АҚШ-пен келіссөз жүргізуге мүдделі екендігін де мәлімдеді.