Қытайдың коммунисттік партиясы тарапынан шығатын «Global Times» газеті АҚШ-қа жаңадан президент болып сайланған жылжымайтын мүлік миллиардері Дональд Трампқа ашықтан ашық соғыс жариялады.
Трамптың Қытайға «Экономикалық соғыс» ашуының ақымақтық болатынын баса айтқан газет, «Егер Трамп қытай өнімдеріне қарсы кедендік салық салатын болса, есалаңдық, надандық, епсіздігімен айыпталады» деп жазды.
«Global Times» газеті АҚШ-тың Қытай өнімдеріне қарсы қандай да бір шектеулер жасайтын болса, Қытайдың бірден қарсы шаралар қолданып, жауап беруге дайын екенін атап өтті. Қытайдың қарсы жауап ретінде АҚШ экономикасына соққы беру үшін iPhone мен АҚШ көліктерінің елге кіруіне, сатылымына тиым салатыны бір мысал ретінде көрсетілді.
АҚШ-та 8 қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамп сайлау алды үгіт-насихатында Қытайды нысанаға алып, тауарларын кіргізбейтінін, салықты жоғарылатынын айтқан болатын.
Қытайдың АҚШ-пен жасаған сауда шарттарынан орасан пайда тауып отырғанын айтқан Трамп, «президент болып сайлансам Қытайдан келетін өнімдерге салықты %45 арттырам» деген еді. Оның бұлай айтуына, «егер Қытайдан өнім сатып алмасақ өзіміз өндірісті қолға аламыз» деген ойы себеп болған.
Трамп сондай-ақ, тамыз айындағы бір мәлімдемесінде Қытайдың өз экспортын арттыру үшін қолдан валюталық манипуляция ұйымдастырып, юаньді девальвациялау арқылы елге валюталық ағын жасайтын «Әлемнің ең үлкен ұрысы» сөздерін айтқан болаты.
Оставить комментарий