Жақында ғана Мейрамбек Беспаев 40 жасқа толып, мерейтойын атап өткен-ді. Ал бүгін «МузАРТтың» бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаев қамал алар жасқа толып отыр. Әнші Мақсат Базарбаев Жамбыл облысының Қордай ауданында Кенен Әзiрбаев атындағы ауылда 1976 жылдың 14-қарашасында дүниеге келген. Қарапайым отбасындағы үш баланың ортаншысы. Ағасы мен қарындасы бар. 2001 жылы Мақсат, Мейрамбек пен Сәкен үшеуі бүгін де халықтың сүйіспеншілігіне бөленген «МурАРТ» тобын құрады. Мақсат Базарбаев топтың құрамында төрт жыл өнер көрсетіп, кең танылады. 2005 жылы топтан кетіп, жеке әншілікке бет бұрды. Ал оның орнына Кенжебек Жанәбілов келген болатын.
Мақсаттың репертуарындағы «Дүнген қызы» әні халыққа жақсы таныс. Әншіліктен бөлек, әртістік өнері бар Мақсат бір сұхбатында әлі күнге асық ойнағанды жақсы көретінін де жеткізген. Мақсатты Жасұлан Базарбаев инстаграм желісінде Мейрамбектің әнімен құттықтады:
Оставить комментарий