Мәскеуде Сирия азаматы әйелді күштеп алып қашқан

/uploads/thumbnail/20170709153827794_small.jpg

Мәскеудегі автобус аялдамаларының біріне таяу жерде таңертең бейтаныс еркек жергілікті азаматшаны машинасына күштеп салып алып кеткен. Бұл туралы «Комсомольскя правда» баслымы жазады.  

Әйел барынша қарсылық танытқанына қарамастан сириялық жігіт оны ұрып, 70 мың рубль тұратын ұялы телефоны мен ішіне 35 мың рубль салынған сөмкесін тартып алады. Машина жүйткіп бара жатқанда әйел бар күшімен есікті итеріп ашып, сыртқа секірген. Сөйтіп дереу полицияға хабарласқан. Полиция басбұзарды бірден құрықтады.

Әйел алып қашқан адам Сирия Арап Республикасының 40 жасар азаматы болып шықты. Қазір заңға сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи