Тағы бір журналист қамауға алынды

/uploads/thumbnail/20170709154319486_small.JPG

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро Central Asia Monitor және Radiotochka.kz басылымдарының Бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ұлттық бюро баспасөз қызметіне ілтеме жасап.

Қазір Бигелді Ғабдуллин ұсталып, Астана қаласы ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қылмыстық қудалау органы Ғабдуллинді өзіне бағынышты ақпарат құралдарында «мемлекеттік орган басшыларына қатысты олардың іскерлік беделін түсіретін жағымсыз материалдарды жариялау арқылы ақпараттық шабуылдарды үдетіп, сынды доғару үшін лауазымды тұлғалардан өз медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыс алып келген» деген мәлімет таратты.

Ведомство сондай-ақ, кейбір шенеуніктердің Ғабдуллиннің мүддесін жүзеге асыруға, мемлекеттік тапсырыс туралы келісімдерге қол қоюға ықпал еткенін мәлімдеді.

«Содан кейін (мемлекеттік тапсырым туралы келісімнен – ред.) ғана олардың қызметі туралы жағымды материалдар жарияланған. Мәселен, Жамбыл облыстық әкімдігінен ол 10 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысын бопсалаған. Осындай жолмен Ғабдуллинге тағы жеті мемлекеттік орган ақша аударған», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін салық төлеуден жалтарды, алаяқтық жасады деген айыппен Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, «ҚазТАГ» ХАА басшысы Әсет Матаев қуғындалып, С. Матаев алты, Ә. Матаев бес жылға бас бостандығынан айрылған болатын. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи