Ресейдің экономикалық даму министрі тұтқындалды

/uploads/thumbnail/20170709154550519_small.jpg

Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев «2 миллион долларға жуық пара алды» деген айыппен тұтқындалды.

Ресей Федералдық тергеу комитетінің хабарлауынша, Улюкаев Федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) кешенді тергеу шараларының нәтижесінде ұсталған. Тергеу комитетінің хабарламасында Улюкаев экономикалық даму министрлігінің Роснефть компаниясына Башнефть компаниясының 50 пайыз акциясын иеленуіне оң баға бергені үшін екі миллион доллар пара алғаны айтылады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков аталған айыптаудың бұлтартпас дәлелдер негізінде қойылғанын сөйледі.

Алексей Улюкаев Ресейде 1991 жылдан бері тұтқындалған жоғарғы шенді мемлекеттік қызметкерлердің ең үлкені болып отыр. Оның айыбы сотта дәлелденсе 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи