BBC әлем жаңалықтары қызметі Корей Халық Демократиялық Республикасында хабар таратуды қолға алмақ. Аталған қызмет 2017 жылға жоспарланып отыр.
The Guardian хабарлағандай, компания хабар таратудың масштабын кеңейтуді жоспарлап отыр. Оған сай, 2022 жылға қарай BBC тыңдармандары 500 миллионға жетуге тиіс. Корей тілін қосқанда 11 тілде жаңалық таратылатын болады.
«Бұл BBC үшін тарихи күн» деді компанияның бас директоры Это Холла.
Айта кетсек, мамыр айында BBC журналисті Руперт Уингфилд-Хейс Корей Халық Демократиялық Республикасында тұтқындалып, елден шығарылған болатын.
Оставить комментарий