ШЕТЕЛДЕ ҚЫЗДАРҒА ҚЫРЫНДАҒЫШ ШЕНЕУНІКТЕР ҚАЛАЙ ЖАЗАЛАНАДЫ?

/uploads/thumbnail/20170709155431026_small.jpg

Қыз-келіншектерге жұмыс орнында, қызмет бабын пайдаланып, "қырындаған" азаматтарды жазалау мәселесі дүниежүзінің көптеген елдерінде жолға қойылған. Германия, Қытай, Швейцария, Дания, Израиль,  Швеция сияқты мемлекеттерде жөнсіз "қырындау" жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу ретінде қабылданады. Германияда әйел адамның  ар-намысын аяқ асты етіп, денсаулығына нұқсан  келтірген еркек 1 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал жыныстық тұрғыда зорлық-зомбылық көрген әйел қаза тапқан жағдайда қылмыскер өмір бойға қамалады.

Былтыр Ресейдің Адвокаттар ассоциациясы депутаттарды сексуалды қысым көрсететіндерге арналған арнайы қылмыстық кодекс бабын қабылдауға шақырды. Ресейдегі әйелдердің құқығын қорғаумен айналысып жүрген адвокаттар "Сексуалды сипаттағы әрекетке итермелеу" бабы нәзік жандылардың құқығын толық қорғамайтынын айтып, "Арсыздық әрекеттері" деген мәндегі бапты қосу мәселесін көтерді.

АҚШ-та 1986 жылдан бері жыныстық қатынасқа итермелеу сексуалды қысым көрсетудің бір түрі деп танылды.

Ал 2005 жылдан бастап Еуроодақ елдеріне ортақ заң бойынша жұмыс орнында қыз-келіншектерге тиіскен еркектер көп мөлшерде айыппұл төлейді.  

Данияда сексуалды қысым қылмыстық кодекстің "Жыныстық қылмыстар" деген тарауына жатады.  Осы заң бойынша жыныстық тұрғыдан қандай да бір зорлыққа барған адам  төрт жылға дейін түрмеде отырады.

Израильде қызмет бабын пайдаланып, қыз-келіншектерге тиіскен еркектер үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Қытайда қылмыстың бұл түріне арналған арнайы заң болмаса да, "Азаматтардың өмір сүру құқығына және демократиялық құқығына қарсы қылмыстар" деген бап бойынша қыз-келіншектердің ар намысын таптағандар бес жылға қамалады. Ал әйел затына көпшіліктің көзінше тиіскендер 5 жылдан да ұзақ мерзімге сотталады. Қытайда сондай-ақ қызды зорлағандар 3-10 жыл көлемінде түрмеде отырады.  Аспан асты елінің заңына сәйкес қызмет бабын пайдаланып, қол астындағы қыз-келіншектерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлегендер де қатаң жазаланады.

Швейцарияда қыз-келіншектердің ар-намысын аяқ асты еткендер, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, психологиялық қысым көрсеткендер 1 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге қамалады.

Швецияда "Жыныстық қылмыстар" "сексуалды мәжбүрлеу", "сексуалды эксплуатациялау"  деген тармақтар бойынша қаралады.  Қылмыстың бұл екі түрі де екі жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды көздейді. Ал зәбір көрушінің денсаулығына нұқсан келген жағдайда қылмыскерді 6 жылға дейінгі жаза күтіп тұр .

Болгарияда жұмыс орнында жыныстық қатынасқа мәжбүрлеуге қатысты арнайы заң болмағанмен, "Біреуді  күш көрсетіп еркінен айыру" деген бап бойынша қылмыскерді 6 жылға дейін қамау туралы жазылған.

Жапонияда 1999 жылдың сәуір айында сексуалды қысым көрсету туралы заң қабылданды. Осы заңға сәйкес секухара, яғни жыныстық қатынасқа тарту мақсатында әйел затына тиіскен еркектер заң алдында жауап береді.

АҚШ-та "Жұмысқа қабылдау кезіндегі теңдік жөніндегі" комиссия әзірлеген нұсқаулықта қызмет бабын пайдаланып, жыныстық тұрғыдан зорлық-зомбылық көрсету әрекеттерінің сипаттамасы жазылған.

Польшада сексуалды қылмыстар жөнінде "Сексуалды еркіндік пен ар-ожданға қарсы қылмыстар" деген тарауда біреудің бағынышты екендігін пайдаланып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлегендер 3 жылға дейін жазасын өтейтіндігі туралы жазылған.

Франция заңында жыныстық қатынасқа мәжбүрлеудің кез-келген түрі сексуалды агрессияға жатады. Қызмет бабын пайдаланып, нәзік жандыларға "қырындағандар" бір жыл түрмеге қамалып, 100 мың франк айыппұл төлейді.

Испанияда жыныстық қатынасқа тарту мақсатында тиісіп, нәтижесінде азаматшаның денсаулығына зақым келген жағдайда қылмыскер 12 до 24 демалыс күні мерзімінде қамалып, айыппұл төлейді.

Голландияда адамды қаламаған әрекетке еркінен тыс мәжбүрлегендер 8 жылға дейінгі мерзімге қамалып, бесінші деңгейдегі айыппұл төлеуі керек. Қылмыстың бұндай түрі "қоғамдық ар-ұжданға қарсы қылмыс" деген тарауда көрсетілген.

Қазақстанда әйел затының ар-намысына тию, сексуалды қысым көрсету әрекеттері қылмыс деп саналмайды. Республикадағы феминистік лиганың жетекшісі Е. Козыреваның пікірінше, бізде әйелдерді қорғайтын заң қабылданбаған. Сексуалды қысым көрсету — жабық тақырып. Құқық қорғау органдарында бұл мәселеге қатысты статистика жоқ. Арнайы зерттеу нәтижесінде еліміздегі әйелдердің 70 пайызы ар-намысына тиетін қандай бір қысым көргені анықталған.

 

Дана ҚАМШЫБЕК

Оставить комментарий

Связанные Статьи