ЭКСПО АЛАҢЫНДАҒЫ ПАВИЛЬОНДАРДЫ ЖАЛҒАҒАН КӨПІР ҚҰЛАДЫ (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709155454120_small.jpg

Әлеуметтік желіде қар астында қалып, құлап қалған шыны ғимараттың видеосы пайда болды. Видео түсірушілердің сөздеріне қарағанда бұл ғимарат «EXPO 2017» Экспо алаңындағы павильондарды жалғаған көпір. Видеоны сол маңдағы құрылысшылар жүктеген. 

Осы мәселеге байланысты «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Куянов мәлімдеме жасады. «Оқиға түсте болды. Зардап шеккендер жоқ. Құлаған ғимарат  - екі павильонның арасын жалғап тұрған декоративті конструкция еді. Мердігер - BI Group компаниясы.  Бүкіл шығынды есептейтін, құлаған жердің көлемін есептейтін де сол компания. Екінші жағында тұрған екінші конструкция құлай ма, жоқ па оны сол мердігер келіп көреді», - деген С.Куянов. 

Айта кетер болсақ, келесі жылы жазда Астанада «болашақ энергиясы» атты «EXPO 2017» ұлттық көрмесі өтеді. Көрме құрылыстарына  – $3 миллиард бөлінген. Жергілікті құрылыс салушылар - BI Group холдингі, «Базис-А» корпорациясы, «СредАзЭлектроМонтаж» компаниялары болып табылады.

Бұған дейін «EXPO 2017» ұлттық компаниясына басшы болған Талғат Ермегияев істі болған болатын. Қазір аталған компанияны Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов басқарады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи