«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының салынып жатқан алаңында бүгін апат болып, павильондарды жалғайтын көпір құлағаны туралы хабарлағанбыз. Апат орнына шұғыл әрекет қызметтерімен қатар үш бірдей жедел медициналық жәрдем көлігінің де барғанын жазады Tengrinews.kz.
«Апат орнында күзет күшейтілген. Ешкімді құрылыс алаңына жібермей жатыр. Алғашқы жедел жәрдем көлігі бір жұмысшыны алып кетті. Екіншісі апат орнынан бос шықты. Үшінші бригада оқиға орнында қалды. Дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметкерлері ештеңе деп пікір білдірмеді», - деп жазады Tengrinews.kz.
Кейінірек, жедел жәрдем қызметі госпитализацияланған құрылысшының жарақат алуына құлаған көпірдің қатысы жоғы, оның алаңда өз бетімен жүгіріп келе жатып, құлағаны, соның салдарынан жарақат алғанын хабарлады.
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасындағылар жарақат алған жұмысшының 26 жастағы Қазақстан азаматы екенін, оның ЭКСПО нысандарының бірінде өндірістік жарақат алғанын, қазір №1 қалалық ауруханаға тізе жарақатымен жатқызылғанын айтады.
Оставить комментарий