Әлемдегі бала тууға қатысты салттар

/uploads/thumbnail/20170709155611540_small.jpg

Медицина дамыған қазіргі заманда нәрестелер негізінен перзентханада дүниеге келеді. Бірақ кейбір ұлттарда әйелді босандыруға қатысты өзіндік салттары болған екен.

Көпшіліктің көзінше босану

Ағылшын монархиясында бұрынғы заманда әйелді көпшіліктің көзінше босандыру әдеті болыпты. Монарх әйелі 70 адамға дейін жиналатын қалың топтың алдында тууға мәжбүр болған. Бұл  тақ мұрагерінің дәл осы әулеттің өкілі екенін дәлелдеу үшін қабылданған әдет болса керек. 

Сәбиге су бүрку

Африкада жаңа туған сәбидің үстіне су бүркіп ұшықтайтын әдет бүгінге дейін сақталған. Бұл нәрестені зұлым күштерден қорғау үшін жасалады екен. Үндістандағы Махарашта штатында 15 метр биіктегі ғибадатханадан нәресетені төменге лақтыру дәстүрі бар. 

Нәрестені лақтыру

Әрине, жаңа туған бала жерге құламайды. Арнайы жайылған матаға түседі. Бірақ соның өзінде баланың денесіне зақым келуі мүмкін. Бұл салт сәбидің дені сау, мығым болып өсуін тілегендіктен шыққан болуы керек. 

Жалғыз босану

Нигерияда ежелден  әйелдің толғағы ұстағанда күйеуі оны жалғыз қалдыратын салт сақталған. Яғни, әйел ешкмінің көмегінсіз жалғыз өзі босанады. 

Босануға қатысты ырымдар

Жүкті әйелі бар үйдегі барлық түйіндерді шешіп, аузын босатып қою салты көптеген халықтарға ортақ болса керек. Толғағы жақындаған әйел тұратын үйде аузы бекітулі сандық, қап, байлаулы түйіншектер болмауы керек. Үндістанда әйел босануға жақын қалғанда үйдің есік-терезесін ашып тастайды екен.

Шотландияда үйдегі барлық дорба, қап атаулының аузын ашып тастайтын салт сақталған. Бұл елде әйел киімдеріндегі бау, белдік атаулыны ағытып тастайды.

Қытайда босанатын әйелдің жанына жабық қолшатыр қояды.

Еврейлер толғақ қиын болған жағдайда храмдардың есігін ашып тастайды.

Ежелгі славяндар әйелі босанатын үйдің барлық есік-терезсін ашып, белдікті ағытып, бауларды босатады.

Әлем халықтарында әйелдің босанатын күнін алдын ала хабарламау ырымы бүгінге дейін сақталған. Дүниеге келер сәби мен оның анасына зұлым күштер жауықпас үшін осындай әдет қалыптасқан.

Сондай-ақ бала туғанға дейін сәби киім-кешегін сатып алмау ырымы кейбір халықтарда сақталған. Бірақ бала туылған соң жаялық іздеп әбігерге түспеу үшін жөргектерді алдын ала дайындап қоятыны белгілі. Бірақ нәресте киімін басқа емес, әйелдің анасы алғаны дұрыс саналады. Оған қоса нәрестеге тиесілі заттарды бөтендерге көрсетпеген дұрыс.

 

Айғаным Біртуар

Оставить комментарий

Связанные Статьи