Эйфель мұнарасының елге белгісіз қырлары (Фото)

/uploads/thumbnail/20170709155619415_small.jpg

Париждің басты символы болып табылатын Эйфель мұнарасы қалай салынып еді? Тарихқа көз жүгіртсек, 1889 жылы Франция революцияның 100 жылдығын атап өтті. Осы айтулы күнге орай Жаһандық өрме ұйымдастырылатын болды. көрме қарсаңында қала басшылығы ерекше жобаларға байқау жариялайды. Байқауда Гюстав Эйфельдің жобасы үздік деп танылады.

Гюстав Эйфель — атақты архитектор. Виадук Гараби француз теміржол көпірі де осы архитектордың жетекшілігімен салынған.

Эйфель мұнарасының құрылысы  1886 жылдың 1 мамырында басталған.

Эйфель мұнарасының салыну хронологиясы.

Құрылыс жұмыстарын 2 жыл, 2 ай,  5 күн ішінде  300 жұмысшы жүргізді. Құрылысқа 18 000 металл бөлшектер, 2,5 миллион тор, 40 тонна бояу жұмсалды.

1889 жылы Дүниежүзілік көрмеде атақты мұнараны көруге 2 миллион адам Парижге барған.

І дүниежүзілік соғыс кезінде мұнара телеграфн антеннасының алаңы ретінде пайдаланылды.

41 жыл бойы Эйфель мұнарасы әлемдегі ең биік ғимарат саналды.

Әр жеті жыл сайын Эйфель мұнарасына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Әзірлеген Дана Қамшыбек

Оставить комментарий

Связанные Статьи