9 жасар бала құлап бара жатқан нәрестені құтқарып қалды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709161736699_small.jpeg

Желіде  тоғыз жасар бала сәбиді құндақтайтын үстелден құлап бара жатқан 11 айлық інісін құтқарып қалған видео пайда болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.  Құтқару сәті балалар бөлмесіне орнатылған видео бақылау камерасына түсіп қалған. Флоридада (АҚШ) тұратын бес баланың анасы Тила Леви баланы үстелге қойып, үлкен ұлына бірдеңе айтпақшы болып артына бір секундқа бұрыла бергені сол еді, нәресте үстел шетінен домалап бара жатады, алайда ағасы Джозеф ерекше ерлік көрсетіп, ұшып барып баланы қағып алды. Бала басылымға өзін  ерекше тылсым күш алға тартып кеткендей сезінгенін айтты. Қорқып қалған анасы басқа ата-аналар  оның қатесін қайталамасын, балаларына мұқият қарасын деген оймен кадрды интернетке салуды жөн деп шешеді. 


 

 

 

Связанные Статьи