«Алтын домбыра» айтысының билеттері сатылымға шықты (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709161818512_small.jpg

"Алтын домбыра" айтысының билеттері сатылымға шықты. Айтыс ақтаңгерлерінің жыл соңындағы басты сынағы Ел тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған «Алтын домбыра» сайысы биыл 3-4 желтоқсан күндері азаттықтың алтын бесігі Алматыда өтеді,- деп хабарлайды Қамшы порталы.

 Нұр Отан партиясының қолдауымен болатын бұл айтысқа: Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Болатбек Оразбаев, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ереже, Қалижан Білдәшов, Мақсат Аханов, Иранғайып Күзембаев, Шалқарбай Ізбасаров, Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Ершат Қайболдин, Рүстем Қайыртай, Өміржан Көпбосынов, Шұғайып Сезімхан, Ержан Әміров, Сырым Әділбек сияқты ақындар қатысады. Сөз сайысын: ҚР еңбек сіңірген қайраткері М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мəрте иегері Ж.Ерман жүргізеді Айтыстың бас демеушісі: Алматы қаласының әкімдігі.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Республика сарайы, сағат  15:00- те. Билеттерді: Республика сарайының кассасынан және М.Әуезов атындағы драма -театры, Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының кассаларынан ала аласыздар.

 

Связанные Статьи