Бүгінде Қазақстан Республикасының ірі саяси, ғылыми, мəдени, қаржы жəне өнеркəсіп орталығы болған Алматы қаласының мың жылдық тарихын, оның бірнеше кезеңнен өткен қалыптасуы мен мəдениетінің ғасырлар қойнауындағы дəстүрін қала тұрғындары танып, біліп жатыр. Əрбір кезең сол дəуірдің рухани өмірін, тұрмысын, экономикалық жəне техникалық дамуын айқындайтын із қалдырып, өзіндік жаңа леп əкеліп отырған.
1845 жылы Ұлы жүздің қазақ рулары Ресей қол астына қараған тұста, Іле Алатау өлкесін толық бақылауда ұстау мақстында отарлаушылар тарапынан1854 жылы «Заилийское» деген атаумен бекініс құрылып, келесі жылы Верный деп өзгертіледі. 1887 жылдан бастап қала мәртебесіне ие болған Верный Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1921 жылы 14 наурызда Алма-Ата деп өзгертіледі. Сол кездегі сəулетшілер үшін бұл қала шығармашылық ізденістер алаңы болып, бой көтерген түрлі нысандар қаланың сəулет бейнесінің көркем қалыптасуына өзінің оң ықпалын тигізді. Ұлы Отан Соғысы жылдарында шектеліп қалған құрылыстар соғыстан кейінгі жылдары қайтадан кеңінен қанат жайып, бұрынғы кездегідейклассикалық сəулет пен халық сəулет өнерінің тəсілдері мен түрлері, сондай-ақ ұлттық айшықтар әлеуметтік нысандарда қолданылды. Осы тарихи үдеріс кезінде(1967 жылы құрылған) «Алматымәденимтұрмысқұрылыс» ашық акционерлік қоғамының іргетасын қалаған кешендердің ішінде Алматы қаласының Аэровокзалғимараты да бар еді. Жоғары кәсіби денгейдегі бірегей қоғамдықобьекті Аэровокзалдың салынуы қала тұрғындары мен оның қонақтары үшін жол, әуе-тасмалдық билеттерін алатын, олардың жиі қатынасатын әлеуметтік мәні зор кешенге айналды.
Бертін келе Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі мен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi Алматы қаласы, Жiбек жолы көшесi, N 111 мекен-жайы бойынша орналасқан «Халықаралық Алматы Әуежайы» АҚ-на тиесілі, ұзақ жылдар бойы жолаушыларға қызмет көрсетукешені болған Аэровокзал ғимаратын2012 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетіне тапсырғызады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті белгіленген тәртіппен аэровокзалдың ғимаратын Қоғамның жарғылық капиталына оның жарғылық капиталдағы төленбеген бөлігінiң есебiне береді. Осындай тарихи кезеңдерді басынан өткере келіп аэровокзал ғимараты 2014 жылғы ақпаннан бастап негізгі қызмет түріжеке меншік мүлікті жалға беру және басқарумен айналысатын «Drivetech Company» ЖШС-нің меншігіне өтеді. Аталмыш ЖШС бұл ғимараттың әлеуметтік тұғырын ұстап қалу үшін 2014 жылғы тамыздан бастап «Ай-Али Групп» ЖШС-на жалға береді.
Бүгінгі таңда «Ай-Али Групп» ЖШС аэровокзал ғимаратын бас жалға алушы құқығын пайдалана отырып, ғимараттың әр кеңсесін осы жердің қайнаған қызу тірлігіне ие болып отырған ұялы телефон сатушылар мен жөндеушілерге жеке кәсіпкер ретінде келісімшарт арқылы жалға беріп, ішінара өзіндік тәртіп орнатқан. Бұл тәртіп жергілікті атқарушы билікпен тығыз байланыста шешімін тапқан. Яғни, әр қадам, әр әрекет толық бақылауда деген сөз.
Қаланың әр бір кәсібімен және тынысынмен арнайы танысып, әлеуметтік маңызы бар аэровокзал сияқты қоғамдық нысандарды жіті бақылауында ұстап отырған қала билігі барлық мән-жайды меңгеріп, оған тиісті алдын алу шараларын қолданып та отыр.
Осындай тәртіп орнаған аэровокзал нысанына 2016 жылғы 25 тамызда Алмалы ауданының Көші-қон полициясы тексеру жүргізіп, бұның нәтижесі сайттарда жарияланған болатын. Алайда тексеру барысында тапқан олқылықтар мен сайтта жарияланған дәлелдерді, нысан әкімшілігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып,қосалқы жалға алушы кәсіпкерлер мен оларға қызмет көрсетуші персоналдарды қайта тексеріп, күдікті ілік таба алмады. Жалға алушылар немесе қосалқы жалға алушылар, сатушылар арасынан, ұялы телефон жөндеушілер арасынан дәлел келтірген Марат есімді шеберде болмай шықты.Ал, Караван газетінде Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген келімсектер деп көрсеткен саусақпен санарлық қызмет көрсетуші персоналдар заңды түрдегі Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатына ие екеніне әрі олардың деншілігі атамекенін аңсап келген, азаматтық ала алмай жүрген немесе құжатын тиісті органдарға рәсімдеп тапсырған, ҚР жеке куәлігін күтіп жүрген ұлты қазақ өз қандастарымыз екеніне құқықтық органдармен бірлесе отырып жүргізген тексеру арқылы көз жеткіздік. Бұл тұрғыда атамекеніне қайта келген бауырларымыздың құқықтары да заң аясында қорғалғанын естен шығармағанымыз жөн болар. Олардың құжаттарының мерзімдері тексеріліп, жиналып, қаланың аудандық құқық қорғау органдарына, сол округтың учаскелік полиция бөліміне тапсырылған. Дәл осы тексеруде аэровокзалды қосалқы жалға алушы кәсіпкерлерге қатысы жоқ, қала билігінің рұқсатымен өтетін жәрмеңкеде сатушы қызметін атқарып жүрген құжатсыз адамдарға да осы нысан қызметкерлері есебінде хаттама толтырылғаны ішкі тексеру арқылы анықталды. Бұл кешенді тексеру іс-шаралары тұрақты үрдіске айналғандықтан кейбір БАҚ өкілдерінің аэровокзалды бір жақты қарап, зерттеудің нәтижесін күтпей асығыс қаралап қойғанына куә болудамыз.
Тіпті, жаға ұстар жаңалық болған жәйт, 18 шілдеде күндізгі сағат 11 шамасында Алматы қаласында полицейлермен қанды қырғын жасаған, салдарынан 3 полиция қызметкері мен 1 бейбіт тұрғынды оққа ұшырған Руслан Күлікбаев Алпысбайұлы атты қаніпезерді осында қызмет етіпті деп ешқандай дәлелсіз жайбарақат жаза салған журналистерге жол болсын дегенімізден басқа айтарымыз жоқ. Аэровокзал әкімшілігі ол жігіттің және онымен үндес жігіттердің, жалпы сәләфизм дінін ұстанушы адамдардың аэровокзал маңында жоқ екенін және оларға ешқандай да қызмет түрін ұсынбағанын, кеңсе де жалға бермегенін айтып, ол адам қаланың басқа базарында кәсіп еткенін қалалық мемлекеттік органдарға дәлелдеп бағуда.
В. Жұмақановполицейлергеоқжаудырғансодырдыңтұлғасытуралыбаяндапберді.
Осындай қаралаудан нарықтағы имиджіне нұқсан келтіріп, моральдық тұрғыдан зардап шеккен аэровокзал әкімшілігі осы материалды жариялаған сайттарға дәйексіз қаралағаны үшін өкпелі отырғандарын жасырмады. «Караван» газетінде жарияланған ақпаратты қайдан алғанын түсіндіру үшін газет редакциясына арнайы хат та жіберген. Бірақ, бір айдан астам уақытта редакциядан ешқандай жауап болмағаннан кейін газет басылымын сотқа да беруге оқталып жатқандарын айтып салды.
Бүгінгі таңда шағын және орта бизнестің үлесі артып келе жатқан қаламызда бәскелес 185 000-нан астам бизнес нысандары бар. Оларда жарты миллионнан астам адам қызмет етіп, нәпахасын тауып келеді. Әрине бұлардан түсетін салықтың оңтүстік астанамыз үшін маңызы зор. Дегенмен ұқсас, сабақтас бағытта бизнес жүргізіп отырған кейбір нысандардың тұрпайы сауда бәсекелестігі мен көлеңкесі, айла тәсілі екінші бір компнаияларды орға жығып жатады. Мұнда нарықтағы осындай ұқсас бизнеспен айналысатын кейбір монополист компаниялардың маркетинг, менеджмент қызметтері бәсекеге қабілетті қызмет атқара алмай, халық ықтиярындағы аэровокзал сияқты нысандарды қаралау арқылы, өз имидждерін беделді етуге талпынған сауатсыз әрекеттерінің ізі айқын көрініп тұр. Мұндайға ашық түрде жол бермей, жергілікті атқарушы билік пен мемлекеттік органдар тарапынан әділдік те орнатып отырған дұрыс болар. Бұл тұрғыда да аэровокзал әкімшілігінің анонимді оппоненттеріне айтар уәжі жоқ емес. Мемлекеттік органдарға апталық, айлық есебін беріп, қала билігінің жіті назарында болып, салығын төлеуден жаңылмай, бизнесін домалатып отырған «Ай-Али Групп» ЖШС компаниясы осы аэровокзал нысанында өз істерінің адал әрі ешкімге зияны жоқтығын дәлелдеп және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, талай игі істерді атқаратынына сенімді.
Бұған дейін де қаланың нарығында тағамдар мен көкеністерге, жеміс-жидектерге бағаны тұрақтандыру, азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі қала билігінің ұсынысы бойынша апта сайынғы жәрмеңке ұйымдастыруға атсалысып келеді. Алматы облысының ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен Алматы қаласының тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының тауарларын өндірістегі бағасымен қала тұрғындарына қол жетімді етуге аптаның әр жексенбісінде қолғабыс жасасып отырған компания керек кезінде мұқтаж мекемелерге де қайырымдылық іс-шараларын жасаудан бас тартпаған.
Былтырғы жылы Алматы қаласы Ислам мәдениетінің астанасы болғандығын ескерсек, қала тұрғындары ислам әлемі туралы да көп көрім көзі ашылып, белері толықты.
Бұл бағытта Алматы қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтарда бекіткен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2014-2017 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыруға тиісті жұмыстарды орындауға Дін істері жөніндегі басқарма тарапынан ақпараттық-насихаттық топ (АНТ) құрылып, бірнеше кездесулер өткізді. АНТ құрамы мемлекеттік органдар қызметкерлерінен, сарапшы-дінтанушылардан, діни конфессия өкілдерінен құралды. Сонымен қатар, қаладағы аудандардан сәйкесінше 8 ақпараттық-насихаттық топ жұмыс жасап, олардың құрамдарында мемлекеттік орган өкілдері, дін қызметкерлері, сарапшы-мамандар, қоғамдық институттар өкілдері қамтылды. АНТ жұмысының кездесулері бұқаралық ақпарат құралдарынан тұрақты жарияланып, көптің көкейінде жүрген сұрақтардың шешімін тапқан болатын.
Бүгін қала халқы діни сауатты, оның теріс жағын түсінетін деңгейге жетті деген сенімдеміз. Жоқ емес, қалада қоғамға зиян келтіретін ағымдар бар. Егер, жұмыс беруші тарап, өз мекемесінде намаз оқитын персоналды байқаса, оны мемлекетіміздің ұстанған бағыты «Әбу-Ханифа» ілімін ұстанатынына көз жеткізіп, оның басқа діни ағымдарға еліктеуіне жол бермей, құранның қасиетті үкімдерін орындау үшін мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендетуге баулу керек. Осындай көрініс кішігірім мекемелерде орын алып жатса, діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіріп, исламды, мемлекет ұстанып отырған дәстүрлі ханафилік исламды құрметтеуге әкеледі.
Нақты мәліметтер бойынша республика бойынша тіркелген 18 конфессияның 17-сі Алматыда болса,қала бойынша тіркелген 177 діни бірлестіктің 47-ы – дәстүрлі ханафилік ислам (46 мешіт, 1 ҚМДБ) бағытында қызмет жасайды және4 ислам дінінен ілім беретін оқу орны бар екен.
Конституциямызда айтылғандай, мемлекетіміз зайырлы ел болғандықтан, Тәуелсіздік алған жылдары мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың жұмысына бақылау функциясына тікелей араласпағанын ескере отырып, бүгінгі таңдағы шырмауы көп шындықтан алыс ағымдардан жақындарымызды сақтандыру тек биліктің немесе жұмыс беруші бастықтардың немесе молдалардың ғана қызметі емес, адасып бара жатқан бауырыңды тоқтату, тиісті шара қолдану, яғни уақытында дабыл қағу біздің өзіміздің азаматтық парызымыз болуы тиіс.
Алматы қаласының әкімдігінің «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған ақпараттық-насихаттық іс-шаралар жоспары» негізінде мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан ғаламтор кеңістігінде жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша конфессияаралық келіспеушілікті және діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттаумен айналысатын 100-ге жуық ғаламтор сайттары анықталып, оларға деген қолжетімділік шектелді. Дегенмен, елдік ауызбіршілік пен әлеуметтік танымы таза біздің қоғамды діни экстремизм мен терроризмге уландыруды көздеген жансыз жаулар бізден алыс шет елдерде отырып, ғаламтор арқылытүрлі қолға түсіру әдістерін пайдаланып, жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай жарыса шығып ақпараттық шабуыл жасап отыр.
Сондықтан, дін деген өткір тақырыпта елгезек ұл-қыздарымыздың ертеңін кездейсоқ кездесетін, бөгде бұлыңғыр діни танымнан құтқару үшін БАҚ өкілдерінде тұрақты түрде діни ағартушылық жұмыстар жүргізгені абзал болар еді.
Қорытындылай келгенде, күллі қазақстандықтарға тең дәрежеде қызмет ететін Конституциямызда еліміздің ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттары нақты айқындалып, біздің қоғамныңбейбітшілікке құштарлығы, барлық мемлекеттермен тату көршілік пейілі, халқының азаматтық құқығы ардақ тұтылатыны айтылған. Ар-ождан бостандығы конституциямен мойындалған адам құқықтарының ең маңыздыларының бірі.
Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында былай деп жазылған:
- тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды;
- әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (19-бап);
- республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді (20-бап) [1, б. 6-8].
Осы алтын әріппен жазылған Ата Заңымызды ардақтап, тілі басқа, тілегі бір, жүзі басқа, жүрегі бір сауатты, құқықтық, зайырлы қоғам құру жолында экстремистік, деструктивтік ұйымдардың арбауларына ілінбей, қырағылық танытып, әлемдік қауымдастық алдында әлеуетті ел екенімізді республикамыздың әрбір азаматы, оның ішінде қала тұрғындары мақтан тұтытып, дәлелдей береді деген сенімдеміз.