Ауғанстанда өткен президент сайлауы алдында тәліптер "сайлауға қатыссаңдар, жазалаймыз!", - деп ел азаматтарына қоқан-лоққы көрсеткені бар.
Соған қарамастан, көптеген ауғандық сайлауға қатысып, сұқ саусағын сияға малып растап, өз дауысын берген. Енді тәліптер солардың саусақтарын кесіп тастап жатыр екен.
ЕВРОНЬЮС-та сол зардап шеккен бір азамат: "Жазалау қаупі болса да, сайлауға қатыстым. Бізге заңды билік керек!", - деп жатыр.
Міне, нағыз азаматтық позиция деген осы!
Біздегі диванда отырып ап, оппозицияны сынауды ұнататын, ал іс жүзінде сайлауда дауыс беруге, сол дауысын қадағалауға ерінетін біраз адамға үлгі деп ойлаймын.
-Әміржан Қосановтың "Facebook" әлеуметтік желідегі парақшасынан.