Путинді балағаттау Украинада ұранға айналды

/uploads/thumbnail/20170708152805159_small.jpg

Ресей президенті Путинді тілдейтін жағымсыз сөз Украина сыртқы істер министрі Дещица айтқан соң тіпті танымал болып кетті.

Әр елдің өзіне тән өте дөрекі, анайы, шектен шыққан балағат сөздері болады. Оны естігенде бейәдеп сөзге жақын адамдардың өзі қызарып кетуі мүмкін. Құрылысшылар мен саудагерлер үшін таң емес сондай сөздің енді үлкен-кіші, кәрі-жас, әйел-еркек, бала-шаға түгел айтатын сөзге айналғанын елестетіп көріңізші. Дағдарысқа түскен Украинада Ресей президенті Владимир Путинді ер адамның мүшесіне теңеген дөрекі сөз «Yes We Can» («Шамамыз жетеді») немесе «Vive La Revolution» («Революция жасасын») деген әйгілі тіркестер тәрізді ұранға айналып кетті. Басқа да мағыналары бар бұл сөз баннерлер мен үйлердің қабырғаларына жазылып, Ресейдің әрекетіне наразы мыңдаған украиналықтың аузынан түспейтін болды. «Путин – ...» деген тіркес әнге айналып, оны Тәуелсіздік алаңына келгендер шырқап, тіпті Жапония мен Калифорниядағы Украинаға ниеттес адамдар да соны қайталады...

http://www.azattyq.org/

Связанные Статьи