Кез келген Қазақтың түсіне де кірмейтін соншалықты қарыз қайдан келген?

/uploads/thumbnail/20170708152914860_small.jpg

Бірнеше күн бұрын Abai.kz сайты Қазақстанның сыртқы қарызы 150 миллиард долларға жеткені туары ақпарат берді.  Онда: «Қазақстанның сыртқы қарызы – 150 миллиард АҚШ долларына жетті. Еліміз әлемдік рейтингте 148 мемлекеттің ішінде 14-орынға ие болып келеміз», - деген ҚР премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркинаға берген жауабы жазылған.

Бізге жетіп жатқан кейбір ақпарат көздеріне қарағанда соңғы жылдары Қазақстанда қолды болып, шетелдік оффшорларға аударылған қаржының көлемі де тура осы 150 млрд. АҚШ долларын құрайды екен. Сонда еліміз шетелдерден алған қарыздардың 100 пайызы қолды болды деген сөз.

Соңғы кездері елбасының сол қолды болған қаржыны заңдастыруға кірісіп кетуінің өзін – амалсыздан мойындау деп қабылдауымыз керек.

Алған қарызы жағынан біздің еліміз әлемдегі 148 елдің ішінде 14-і орында  тұруының өзі – мақтанатын көрсеткіш емес.

Біздің билік Қазақстан халқының саны 17 миллион адам  дейді. Оған сенейік. Сонда 150 млрд АҚШ долларын осы 17 миллион халық санына бөлсек  - 8824 доллар шығады екен.

Бұл – Қазақстанның әр азаматы ол долларды қолдарына ұстап көрмесе де, шетелге осыншалықты қарыз деген сөз. Ал, оның жыл сайынғы өсімін қайда қоясың?

Бір отбасында орташа 5 жан басы тұрады делік. Жаңағы 8824 долларды осы 5-ке көбейтсек – 44 мың 120 АҚШ долларынан айналады екен. Біздегі қазақстандықтарды қайдам, кез келген қазақтың түсіне де кірмейтін ақша бұл!

 Жұмаш КӨКБӨРІ

Оставить комментарий

Связанные Статьи