-Судья, былай өзі... жаман жігіт емес сияқты, иә,-деп қояды "Аңыз адамның" сотына кеп жүргендердің біразы. Екі жақты өт-те мұқият тыңдайды екен, әділ екені көрініп тұр. Бұл судья бала өткенде: -Сізді сыйлаймыз, өлеңдеріңізді оқимыз, халық алдындағы абыройыңыз жоғары,-деп куәгер Мұхтар Шахановты да риза қып жіберген. "Егер желтоқсанда мен болмасам сен бүйтіп отыра алмас едің, осы уақытта қазақстандық боп жүрер едің" деп гүрілдеп тұрған куәгер Мұхаң да сеніп қалды-ау деймін. Он шақты кемпір-шалдың арызын бір ай қарап, істі сағыздай созған Әсет Бейсебаев деген судья бүгін түсте сот залына қара киімінің етегі далақтап жетіп келді де, амандық-саулық жоқ, үкімді оқи сала тұра қашты. Елге қарағысы келмеді-ау деймін. Өзі де қара бала еді. Елге түкіру де оңай емес... Түкірік менікі емес еді дейді ғой кейін енді.
(Асылхан Мамашұлының фейсбуктегі парақшасынан алынды)
Оставить комментарий