Ертеректе Қытайда бір сарт қазақтың малы мен жүнін тиын - тегешке қабылдайды... Алданғанын сезген қазақ: - Осыншама дүниені өте арзанға алып жатырсың ғой, - десе, сарт бір тарақ беріп жатып: - Мені жемеген қазақтың тісі сынсын, - деген екен... Ееее, кімге жем болмаған бұл қазақ?!!! Он бір миллион қазақтың басына қонған бақытты сары майдан қылшық суырған, сеніміне селкеу түскен, мемлекеттік тілде сөйлей алмайтын пенденің басқаруы - БАЛАҚТАҒЫ БИТТІҢ БАСҚА шығуы екенін барлық саналы ҚАЗАҚ біліп отыр. Әлде, қазақ үшін енді жаңа эра, жаңа заман басталды ма?!!! Басқа қонған бақытты торға қамап асырау - жаңа заман тәсіліне айналып отыр.
P.S. Жәнібек пен Керей атамыздан Дінмұхамет Қонаев атамызға дейін бір заман болған екен ғой... Балақтағыны ешқашан да басқа шығармаған еді!!!
(Советқазы Нұрсиланың фейсбуктегі парақшасынан алынды)