23 жыл тек орыс тілінде ғана заң қабылданған

/uploads/thumbnail/20170708152938447_small.jpg

Тәуелсіздік алғаннан бергі 23 жылдың ішінде Парламент екі жарым мыңнан астам заң қабылдаса, соның тек екеуі ғана қазақ тілінде жазылған. Үкімет тек қабылданған құжатты ғана мемлекеттік тілге аударып отырған. Кеше кезекті сессияны қорытындылаған қос палатаның бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы осындай мәліметті жариялады.

Депутаттар былтырғы қыркүйектен бастап 104 заңды мақұлдапты. Солардың ішінде ел есінде қалғандары қылмыстық кодекс пен сән-салтанат салығы жөніндегі құжаттар болды. Бәрінен де көші-қон туралы заң қызу талқыға түскен еді. Осы жаңа өзгертулерге сәйкес, оралмандарға тек 5 жылдан кейін ғана азаматтық берілуі тиіс болған. "Шетелдегі ағайынды сыртқа тептік" деген халық бұл заңға наразылығын білдіргенімен, Мәжіліс депутаттары үнсіз мақұлдап жіберді. Сенатта бір-екі қарсылық танытқандарға қарамастан құжат қабылданды. Содан кейін бұл әрекеттерін қате деген билік енді 1 жылдан кейін азаматтық беруді қолға алып жатыр.

31 арна

Оставить комментарий

Связанные Статьи