Роза Рымбаеваның әншілігіне дауым жоқ. Бірақ осы Розаны Роза жасаған Тасқын Оқапов еді десем қателесе қоймаспын. Марқұм өте талғампаз, кіді жан-тұғын. Розаға әннің төресін таңдап беріп қана жүрді ғой. Әннің бағын әнші ашды десекте, ән де әншінің – бағы. Қазақ эстрадасында Роза Рымбеваның бағы тайды дей алмаймын, бірақ репертуары әбден қожырап бітті. Роза Роза басымен дұрыс ән таңдай алмайды екен. Публика үшін ойнап, тобырдың талғамына дейін төмендеуге арланбайтындығын ол бірнеше рет көрсетіп алды. Мынаусы несі енді: «Қазы, қарта, шұжыыық». Бұлбұл болғысы келген көктер мен секектерді көріп жүрміз. Ал, бұлбұлдың қайдағы бір «майда құстардың» тірлігіне кіріскені ұят енді. Кәтта кейіп отырмын.
(Дәурен Қуаттың фейсбуктегі парақшасынан)
Оставить комментарий