Қадыров мастықтан өлгендердің жаназасын шығармау қажет екендігін айтты

/uploads/thumbnail/20170709184529454_small.jpg

2009 жылдан бері Шешенстанда спирттік ішімдіктерді таңғы сағат 8-ден 10-ға дейін сатуға рұқсат бұйырық берген Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров, ішімдікке қатысты тағы бір бұйырық шығарды. Қадыров дін қызметкерлеріне мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатынан қаза тапқан жүргізушілерді діни рәсіммен жерлеуге тыйым салды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

"Егер мас жүргізуші жол апатынан қаза тауып және өзге адамның өліміне себеп болса, оның жерлеу рәсіміне діни қызметкерлер қатыспауы тиіс. Қоғам ол адамның қылмыс жасағанын түсіну керек. Ол террористік акті жасады", – деп мәлімдеді Қадыров.

Қадыров сонымен бірге елге алкоголь сатуға тыйым салмағанын атап өтті. "Біз алкогольді ішімдіктерге тыйым сала алмаймыз, өйткені заң бойынша біздің құқығымыз жоқ", – дейді Шешенстан басшысы.

30 қарашада мәлім болғандай, аймақта алкоголь сатуға лицензиясы бар кәсіпкерлер Шешенстан парламентінің спикері Магомед Даудовпен кездесуден кейін, өз еріктерімен лицензияларынан бас тартқан. Оның сөздерінше, кәсіпкерлер өз еріктерімен қызметтерінен бас тартқан.

Даудовпен жиналыс мас күйінде көлік жүргізген Алам Ходжаевтың жол апатына ұшырап, жеті адамның қазасына себеп болғаннан кейін өткізген. 

Рамазан және Ораза айт күндері алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи