Қазірге «жәбірленуші» аталған Айсұлу Ибрашова олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевты қаралауға барын салып жатыр. Антикоррупциялық медиа-орталығының хабарлауынша, маусым айының 29-на қараған түнінде Астана қаласындағы «Fashion» түнгі клубында Бақтияр Артаев Айұлу Ибрашоваға жәбір көрсеткен көрінеді. Ал Олимпиада чемпионының өзі бұл іс жайында БАҚ өкілдерімен тіл қатысуға құлық танытпай отыр.
Б.Артевтың аз уақыттан бері Президенттің «Астана» кәсіпқой спорт клубын басқарып жүргені белгілі. Сөйтсек, Бақтияр мырза бұл қызметімен әлдеқашан қоштасқан екен. «Б.Артев 2014 жылдың сәуір айынан бастап оқуға кетуіне байланысты жұмыстан кеткен. Ол салмақты адам» -еді дейді «Астана» кәсіпқой спорт клубының пресс-офис мүшесі Ануар Өмірзақ.
Естеріңізге сала кетейік, Бақтияр Артаев 2004 жылы Афинада өткен олимпиада да 69 кг салмақтағы былғары қолғаптан алтын таққан чемпион.
Марғұлан Ақан
Оставить комментарий