Крис Гарднер – қоғамдық дәретханалардан көтерілген мультимиллионер

/uploads/thumbnail/20170709184554052_small.jpg

   Крис Гарднер кішкентай баласымен бірге қоғамдық дәретханаларда түнеп жүргенінде ол өзінің өмірі жайлы оқиға голливудтық фильмдердің басты шеруіне айналады деп ойламақ түгілі түсіне де кірмеген еді.

   Бұл 1980 жылдардың басы болатын. Гарднер мырза 27 жасында кішкентай ұлымен бірге Сан-Франциско қаласында жыл бойы үйсіз қаңғып жүрген кезі. Делдалдарға төлеуге де қаржысы жетпей, үй жалдауға шамасы жетпейтін еді. Сондықтан олар әр жерде түнеуге мәжбүр болған. Темір жол бекеттеріндегі дәретханалар, парктер, шіркеулер, жұмыс орнындағы үстелдер – оның «жатын бөлмесі» болатын. Олар тек сорпамен тамақтанып жүрді, өзі жұмыс істеу үшін ақшасының аз бөлігін баласын балабақшаға беруге жұмсайтын.

   Жолындағы тауқыметтерге қарамастан Гарднер мырза жұмысында табысқа жетті. Фирмасында тағылымдамадан өту кезеңінде, акциялар мен үлестерді сату барысында Дин Виттер Рейнольдс (DWR) оны штаттық қызметке жұмысқа алады. Ақыры жалданған пәтерге қолы жеткен оның тасы өрге домалай түсті. Қызметінде тез көтеріліп, 1987 жылы ол өзінің инвестициялық фирмасын ашты. Бүгінгі күні Гарднер 62 жаста. Байлығы 60 миллион долларға бағаланып отыр. Мотивациялық оратор ретінде әйелдерге қарсы күш көрсету мәселелері жөнінде организациялар мен үйсіз адамдарға демеушілік жасап, дүние жүзін шарлап жүр. Гарднер мырзаның балалық шағы да ауыртпалыққа толы болды. DWR-ға жұмысқа тұрмастан бұрын түрмеде қызмет еткен. Өзінің «В погоне за счастьем» автобиографиясын жазған кезде Голливудтың не себепті қызығушылық танытқанын түсіну қиын емес. Фильм 2006 жылы осы атпен жарыққа шықты. Уилл Смит Гарднер мырзаны сомдағаны үшін «ең үздік еркек рөлі» номинациясы бойынша Оскар алды.

Will Smith and Chris Gardner

   Өткенге көз жүгірте отырып, Гарднер мырза «өмірінен ештеңені өзгертпеген болар едім» деді BBC-ға берген сұхбатында.

   «Мен бала кезімнен бастап, көптеген ауыртпалықтардан өттім. Бес жасымда менің балаларым әкелерінің кім екенін білетін болады деп шешім қабылдағанмын». Висконсин штатындағы Милуокида туылған Гарднер мырза өзінің биологиялық әкесі кім екенін ешқашан білмеген. Ол Бэтти Жан есімді анасымен және физикалық қысым көріп келген, маскүнем өгей әкесінің қолында кедейшіліктің ащы дәмін татып, ер жетті. Анасы серігіне ашуланып, өлтірмек болған кезде, кішкентай Гаднердің балалар үйінде өткізген кездері де болған. Балалық шағындағы келеңсіздіктерге қарамастан, анасы ол үшін шабыттандырушы адам болғанын айтады. Ескіліктің адамы болған аналардың ішінде менің бір-ақ анам болды, ол үнемі ұлына: «Балам, сенің қолыңнан бәрі келеді және өзің кім болғың келсе де, нені қаласаң да, өз қолыңда» деп айтып отыратын. Бір күні бала кезімде теледидардан колледждің баскетбол ойынын көріп отырған болатынмын. Ойыншылардың бірі миллион доллар табыс табатынын хабарлады. Менің анам: «Балам, күндердің бір күнінде сен де миллион доллар табатын боласың», – деді. Анам айтпағанға дейін менің ойыма кіріп шықпаған еді.

   Миллион доллар бірден келе салмады, ол АҚШ-тың әскери-теңіз флотында төрт жылын өткізді. 1974 жылы Сан-Францискоға қоныс аударғаннан кейін медициналық жабдықтар сатумен айналысты. Оның өмірі қызыл Фэррари көлігін тұраққа қойып жатқан адамды кезіктіргенде толықтай өзгерді. Гарднер мырза одан мұндай өмірге жету үшін не істегенін сұрады. Ол Боб Бриджес есімді делдал болатын. Екеуі әңгімелесіп кеткеннен кейін Гарднер мырза индустрияға қызығушылық білдірді. Олар тағы да кездесіп, Бриджес мырза Гарднер мырзаға практика үшін интервьюді қамтамасыз ететін болып келісті. Бірақ, интервьюға бірер күн қалғанда, тұрақ талондарын төлемегені үшін түрмеге қамалды. Ақыр соңында интервью жасалды, бірақ оны түрмеге қамалған кезіндегі жилет пен кроссовки киімімен жасауға тура келген. Қалжыраған түріне қарамастан оның құлшынысы мен ынтасы жұмысқа қол жеткізуіне әбден жететін. Фильм жарыққа шыққан соң алты жылдан кейін 2012 жылы Гарднер мырзаның өмірі тағы да өзгерістерге ұшырады, әйелі 55 жасында қатерлі ісіктен көз жұмды. Бұл жағдай оны қаржы саласындағы табысты отыз жылдан кейін, өмірден нені қалайтынын қайта қарауға түрткі болды. Карьерасын толықтай өзгертуге бел буады.

   «Әйеліммен болған соңғы әңгімелердің бірінде оның маған айтқаны: «Өмірдің қаншалықты қысқа болатынын көре алған сәтте, қалған ғұмырыңда не істемекшісің?»

Chris Gardner

 «Өміріңізді өзгертетін әңгіме болған кезде, мен айтар едім, егер жан дүниеңіз қалаған ісіңізбен айналыспасаңыз, сіз өзіңізді күн сайын қауіп-қатерге қоясыз» Ол ендігі инвестициялық-банк қызметтерімен айналысқысы келмейтінін түсінген бойда өзін мотивациялық оратор мен автор ретінде танытты. Қазіргі уақытта ол жылдың 200 күнін 50-ден астам елді аралап, аудиторияларда сөз сөйлеумен өткізеді.

 «Morningstar» инвестициялық фирманың директоры Скотт Бернс Гарднер мырзаны «рухы мықты, таңғажайып адамның бейнесі» деп баға берген.

Аударған: Марал Шайхы

Оставить комментарий

Связанные Статьи