Ресейлік сайт оқырмандары: Қазақстанда қой мен қымыздан басқа ештеңе жоқ

/uploads/thumbnail/20170709184555403_small.jpg

 

life.ru сайты -да "Жаңа Зеландиялық қызды Қазақстанға кіргізбей қойды. Себебі, ол ойдан шығарылған елден келді деп шешкен", - атты мақала жарық көрген. Шетелдік және еліміздің басқа да сайттары болған оқиға жайлы кеңінен ақпарат таратқан. Бірақ, біз осы сайтта берілген ақпаратты қазақ тіліне аударып ұсынуды жөн көрдік.

Шекара күзетшілері саяхатшы қызды Жаңа Зеландия Австралия елінің бір бөлігі деп сендіруге тырысқан және одан аталған елді картадан көрсетуді талап еткен.

Саяхатшы Хлои Филиппс-Харрис шекара күзетшілеріне Жаңа Зеландия елі ешқандай да Австралия елінің бөлігі емес екенін дәлелдеймін деп бір тәуліктен аса уақытын Алматы әуежайында өткізген деп life.ru сайты жазады.

Филлипс-Харрис Қазақстан еліне шығарда өзінің еліндегі елшілікпен кеңескен. Оған елге кіруге байланысты ешқандай қиындық болмайды деп сендірген.

—  Мен ұшақтан түскенде менен көші-қон қызметкерлері австралиялық төлқұжатымды көрсетуді талап етті. Онсыз мені өткізбейтінін айтты. Маған, Жаңа Зеландия Австралия елінің бір бөлігі деп айтты, - дейді саяхатшы әйел.

Саяхатшы әйел сұраған төлқұжатты көрсете алмаған соң, оған ұшақпен Қытайға жіберетіндерін айтқан. Бірақ, әйелдің жолы болып ол болмай қалған. Қытайға жібере алмаған соң, әйелді тергеу бөлмесіне апарған. Ол жерде үлкен дүниежүзілік карта болған екен. Құқық қорғаушылар Филлипс Харристен қайдан ұшып келгенін осы картадан көрсетуін сұраған. Бірақ, ол мемлекет картада көрсетілмеген екен.

—  Олар менен мен бұл жерде не істейін деп жүргенімді сұрады. Осы уақытта бұл дауға полиция қызметкерлері мен әуежай өкілдері де тартылды, - дейді әйел.

Қыздың айтуынша оны ұзақ уақыт сұрақтың астына алған. Содан кейін, жарты күн күзетшілердің бөлмесіне жауып тастаған. Кейін, жағдай оңтайланып, Жаңа Зеландияның азаматшасын Қазақстан еліне кіргізген. Турист қыз Қазақстанда жарты жылын өткізген. Болған жәйға қарамай болашақта тағы да келуге дайын.

Пікірлер тізімінде "Ешкім google-ды ашып, көзін жеткізуге тырыспаған ба?", "Қайдағы google?! Ол жерде қойлар, сайғақ және қымыздан басқа ештеңе жоқ","Қазақ шекарашылары мен көрген ең топас шекарашылар. Олардың бәрі оқымаған. Оған таң қалмаймын", "Бәрі ондай емес шығар", "Қымызды алкогольді ішімдік болмаса да жұмыс уақытында ешкім ішпейді. Бірақ, тексеріс кезінде градусының кесірінен үлкен айыппұл салынады", "Зеландиялықтар да Қазақстан деген ел барын білмейді" деп ой-пікірлерін білдірген оқырмандарда бар.

Оставить комментарий

Связанные Статьи