Ол Меккеге жүгіріп барам дейді

/uploads/thumbnail/20170708152954676_small.jpg

Құдайдың шапағатын алу үшін оның бес парызының бірі қажылық екенін білеміз. Бірақ, қажылықтың бүгінгі көрінісі жаңа дамыған заманның көлеңкесінде қалып отыр. « Қажыға (Меккеге) барып келіпті» деген адамға таң қалып қарайтын да, ол жайында қызығушылық білдіретін де жандар азайды. Кезінде қажылық деген жылдар мен айлардың еншісінде болған. 20130527_105744

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Елордалық Дулат Иманқажы есімді азамат жақын арада Меккеге жаяу әрі жүгіріп баратынын айтыпты. Осы уақытқа дейін марафондарға қатысып үлгерген денсаулық жаршысы, енді міне арысы мен берісі жеті мың шақырымды құрайтын Меккеннің нұрлы жолын жалғамақ. Барып келуіне кететін уақыты мөлшермен үш айдың көлемінде. Жалпы әлемдік деңгейде бір жерден екінші жерге жүгіріп барғандардың ұзақ мерзімі 10 – ақ күн болған екен.

Қазақтың Дулаты Иманын берік етіп, Қажысын сәт сапармен аяқтасын!

Марғұлан Ақан

Оставить комментарий

Связанные Статьи