Әлеуметтік желілердің бәрінде суретте көрсетілгендей қара шар пайда болды. Өзінің авасының (суретінің) орнына осы «қара шарды» қойған елдің саны көбейіп келе жатыр. «Қара шар» траурға да айналып үлгерді. Бұл қара шардың қарапайым шардан айырмашылығы шардың ортасында « 6 шілде» деген жазуы бар Бұл Астананың туылған күні.Ендеше, бұл шардың Астана күніне қандай байланысы бар? Блогер Жанна Ботаның сөзіне сүйенсек: - Еліміздің елордасы болғаны әрине қуанарлық жағдай. Бірақ, бір қаланың күні деп осылай шашылуға болмайды ғой. Астана күніне кеткен шығында есеп жоқ. Экономикалық жақтан аздаған крезис болып жатқан кезде бұл оң жол емес. Ал, қара шар ол – флешмоб сияқты ойлап табылған дүние. Оны ешқандай да біреуге келтірер зияны жоқ. Тек халықтың іште жатқан мұң-мұқтажы. Әңгіменің төркіні халықтың наразылығы болып отыр. Бірақ, наразылық шарасын бас көтеріп көтеріліс жасау арқылы емес, осы « қара шар» арқылы жеткізіп жатыр. Қара мысық жол кессе ырымдап айналып өтетін халықпыз ғой. Ендігі кезек, билікте деді-ау деймін. Бірақ, қара мысықты емес қара шарды айналып өту керек болар.
Марғұлан Ақан
Оставить комментарий