Белгілі тележүргізуші, тілші Асхат Садырбай Miss Kazakhstan байқауына қатысқан аруларымызды сынға алып, ол жоба жайлы өз ойын жалпақ жұртқа мәлімдеді. Тележүргізуші бұл жайлы пікірін Facebook-тегі парақшасында жазған болатын.
«Miss Kazakhstan байқауына қос қолдап қарсымын. Оның бізге түкке де пайдасы жоқ. Іш киіммен әлемнің саxнасына шығып әдемі ару деген атаққа таласу не теңіміз? Қазақ қызының сыр тартар сұлулығы, әдемілігі талайларды баяғыда-ақ таңғалдырған, мойындатып қойған, қазір де шетелден келгіштеп кеткендер оны қайта-қайта айтып мойындап жүр ғой. Сонда қаракөздеріміз несімен сұлу деп бір сәт ойланып көріңізші. Олар тазалығымен, пәктігімен, инабаттылығымен, ибалылығымен, тәрбиесімен, мәдениетімен сұлу. Біздің қыздар –біздің қарындастарымыз, әпкелеріміз, аналарымыз, құдаша-балдыздарымыз, қайынбике-жеңгелеріміз. Ойланайық. Оларға купальник кигізіп саxнаға шығарып абырой таппаймыз. Мисс Казаxстансыз-ақ барлық қыз әдемі, барлығы бас жүлдеге лайық. Бұл сұлулық байқауының ар жағында қандай саясат жатқаны бесенеден белгілі. Доғармасақ тектілігімізге сын. Тегі байқаусыз болмайды десеңіздер өзіміздің баяғы «Қыз сыны» деген жап-жақсы байқауды жаңа форматта қайта жаңғыртуға болады. Жылда осы, қатысатын қазақ, оны кітап оқымайды, надан деп мазақ ететін де қазақ. Оларға күлгенше жағдайды түзейікші. Жастардың, әсіресе әдемі қыздардың қоғамдағы рөлі Мисс Казаxстанмен шектелмейтінін ұғындырайықшы, түсіндірейікші ерте бастан, мектеп жасынан жақсыға үйретейікші, кітапқа қызықтырайықшы. Ал, мынау арсыздықты доғарайық. Қазір күлкіге қалған да , оған күлген де ұялмайтын заман болды ғой. Ондайға құлақ үйренді, енді ет өлмесін. Есімізді жияйық. Сынай бергенше бір адам болса да тамшыдай үлес қоссын. Өзімізді өзіміз ғана түзейміз. Өзгенің оған басының ауырғаны қанша?!», - деп жазады Асхат Садырбай.
Оставить комментарий