Бекболат Тілеухановты салафит дегендердің аузына құм құйылды(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709190740940_small.jpg

Кеше ғана халықтың сүйікті әншісі Қайрат Нұртас елді шулатып, отандық шоу-бизнесті дүрліктіріп бұрын-соңды болмаған инновациялық концерт өткізді. Кеш кешігіп басталғаны ешкімнің көңіліне қаяу түсірмеді. Қызығы, халық та тойға барғандай боянып-сыланып, бір сағатқа кешігіп келді. Тойдың болғанынан боладысы қызық деген мақал бұл жерде қисынсыз. Өнерсүйер қауым асыға күткен концерт көрермен үмітін ақтай білді. Оны концертке барған көрермен ретінде дөп басып айта аламын. Бірақ, ең қызығы халық қалаулысы, өнерпаз Бекболат Тілеуханның Қайратпен бірге «Елім менің!» деп асқақтата ән салғаны болды. Талантына шүбә келтірмесе де кей қазақ Бекболаттың діни көзқарасына күмәнмен қарап жүргені рас. Ашығын айтқанда, салафит, ваххабит екен деп ойлайды. Ондай ақпаратты "Қамшы" порталынан көп оқитынмын. Сол себепті бұл хатымды "Қамшының" өзіне жіберуді жөн санадым. Салафиттердің ән айтуды харам деп танитындықтарын бәріміз білеміз. Ендеше сахнаға шыққан Тілеухан оны салафит, ваххабит деп жүргендердің аузына құм құйғандай болды.

Хат авторы порталға өз есімін жарияламауды өтінді.
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи