Қайрат шаруа қожалығында 300-ге жуық түйелер бар. Қысы-жазы олардың шұбатын сатады. Ал, соңғы кездері ойсылқара тұқымының зәрі көп сұранысқа ие болды деп хабарлайды stan.kz
Түйе зәрінің арқасында адамдар түрлі ауруларынан айығып жатыр.
Бұл жақтағы қызметкерлердің де атқаратын жұмыстары оңай емес, күн сайын таңғы сағат бесте тұрады. Түйелерді орнынан тұрғызып әрқайсысының зәрін арнайы ыдысқа құйып алу - олардың міндеті. Сала мамандарының сөздерінше, әр түйеден бір литрге жуық зәр алады екен.
Түйе бағушылардың айтуынша, жануардың зәрі қатерлі ісік, өт жолдарының қабынуына, асқазанға шипасы бар. Себебі, ойсылқара тұқымы көп су ішпей, құнарлы шөптер мен түрлі тікенектер жейді. Мүмкін пайдасы содан болар.
Бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінде түйенің зәрімен жуынып, оны сусын ретінде пайдалану үрдіске айналған.
Желіде тараған видеолардан арабтардың түйенің зәрін ішіп, беті-қолдарын жуып жатқандарын көруге болады.
Түйе зәрінің құрамында барлық бактериалар мен дертке қарсы ем бар екені белгілі болды. Жақында Arab Biotechnology компаниясының ғалымы Сабах Джасем түйе зәрінен қатерлі ісікке қарсы дәрі жасауға болатынын анықтады. Айтуынша, түйенің бүйрек мүшесі қуықтағы сұйықтықты екі қайтара өткізетін болғандықтан оның несеп жолына айтарлықтай пайдасы мол.
Оставить комментарий