Түркия Дін істері басқармасының 38 елдегі діни қызметкерлеріне «сол елдегі Ф.Гүленге қатысы бар адамдар мен мекемелер жайлы барлау жұмыстарын жүргізу керектігі» бұйрығы Голландияда жүзеге аспай қалды. Бүл жайында Түріктің Cumhuriyet газеті жазады. Мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.
Гүленге қатысты адамдардың тізімін дайындағанын медиа қызметкерлеріне растаған Голландия Сыртқы Істер Министрлігі осы елдегі Гаага Елшілігі Дін істері атташесі Юсуф Аджарды елден экстрадициялады. De Telegraaf газеті таратқан «Аджардың Анкараға жіберілгендігі жайлы» ақпарда Христиан демократиялық партиясы (ХДП) «Фетхуллаһшылардың қорғаны» деп аталып, ХДП депутаттарының Түркия және Дін істері басқармасы жайында Мәжіліске жағымсыз ұсыныстар ұсынғандығы айтылған. Аджар болса, «интернетте әркімге қолжетімді мәліметтерді пайдаланғанын» айтып, барлаушылық жасамағанын алға тартқан.
Осыған байланысты Түркияның Гаага елшісі Голландия Сыртқы Істер Министрлігіне шақырылды, ал ХДП Аджардың елден қуылу керектігін талап етті. Сыртқа Істер министрі Берт Коендерс және Әлеуметтік істер министрі Лодевейк Ашер Мәжіліске жолдаған хат арқылы Түркияның Аджарды елге кері шақырғанын мәлімдеді. Аджардың әрекеттерінің «Голландиялық азаматтардың өміріне құқықсыз түрде қол сұғу» екенін айтқан екі министр Түркия елшісі мен Аджардың қызметінен босатылуы үшін «ортақ келісімге» барғанын жеткізді.
Оставить комментарий