Дінмұхаммед Ыдырысов - бүкіл елге, әсіресе бизнес әлеміне кеңінен танылған азамат. Арыстың тумасы «Форбс» журналы әзірлеген ең дәулетті қазақстандық бизнесмендердің тізімінде 11-орынға жайғасқан. Соған қарағанда, Ыдырысов Оңтүстіктен шыққан ең бай азамат болып тұр. Оның жиып-терген мүлкін әйгілі журнал 479 миллион долларға бағалап отыр. "Рейтинг" газетіне берген сұхбатында миллионер есімінің Димекең, яғни Дінмұхаммед Қоневтың құрметіне қойылғанын айтты деп хабарлайды rgmedia.kz
"Димекең бір рет басшылықта болып, кейін сол қызметке қайта оралады. Бұл қазан айында болған. Сол кезде мен дүниеге келіппін. Содан ата-анамның қуанып, есімімді сол кісінің құрметіне қойған екен".
Ыдырысовты ел-жұрт "Делеу" деп атап кеткені белгілі. Бұл лақап есім қайдан шықты? Мұның себебін түсіндірген ол:
"Кішкентай кезімде ағамның Дінмұхаммед деуге тілі келмей, Делеу дейді екен. "Кейіннен солай қалыптасып кетті " дейді.
Оставить комментарий