Шымкентте бүгін облыстық прокуратураның алдында қаланың 46 жастағы тұрғыны Нұркен Айнабеков наразылық танытып өз-өзін өртеді деп хабарлайды azattyq.org
Оқиға сағат 15:30 шамасында болған. Өртенген адамды жедел жәрдем қызметі алып кеткен. Қалалық жедел жәрдем қызметінің кезекшісі Нұркен Айнабеков есімді азаматтың денесін күйік шалып түскенін растады.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен бұл ақпаратты растау мүмкін болмай тұр.
Нұркен Айнабеков кеше Шымкентте брифинг өткізіп, жеке құрылыс фирмасының қалада әлеуметтік нысанды салғанын, ол үшін жергілікті биліктен тиісті қаржысын ала алмай отырғанына шағымданған.
Оставить комментарий