Назарбаев Иранның ШЫҰ мен ЕАЭО-ға мүше болуына көмектесуге уәде берді

/uploads/thumbnail/20170709190845673_small.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Иранның ШЫҰ мен ЕАЭО-ға мүше болуына көмектесуге уәде берді. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеде Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани айтты, деп хабарлайды inform.kz

«Біз өңірлік ынтымақтастық саласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды қатысушысы болуға дайын екендімізді жария еттік. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бізге аталған екі бағытта да көмектесуге уәде берді. Сонымен қатар біз Каспий саласында бірлескен ынтымақтастықты қолдаймыз және Каспийдің құқықтық мәртебесі мәселесін өңірдің үшінші елдерімен ынтымақтастықта шешу қажет», - деді Рухани.

Сонымен қатар Қазақстан Президентімен келісөздер барысында өңірдің өзекті мәселелері, оның ішінде барлық елге қауіп төндіріп отырған терроризмге қарсы тұру саласындағы ынтымақтастық талқыланғанын атап өтті.

«Бүгінде Ирак пен Сирияда орын алып отырған жағдай біздің барлығымызды да алаңдатады. Бұл проблеманы шешіп, аталған елдерде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайтару қажет. Азия өңірінің ықпалды елдері ретінде Иран мен Қазақстан әсіресе экономика саласындағы бірлескен күш-жігерін жалғастыра беруі тиіс», - деді Иран Президенті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи