Әйгілі боксшы Мұхаммед Әли телеарналардың біріне берген сұхбатында неліктен Ислам дінін қабылдағанын және дінге келмес бұрын қоғамда қалыптасқан түсініктерге байланысты өзінің келіспеушілігін білдірді. Бұрыңғы әлем чемпионы, жыл боксшысы атағының иегері болған Мұхаммед Әли ақтың барлығы неліктен жақсылық, мейірімділік, әділдік пен әділеттіліктің нышаны болуы керек те, қара түс тек өмірдің жағымсыз тұстарымен, қатігездік, жамандықпен байланысты болу керек екенін түсінбейтінін жеткізді. Мысал ретінде періштенің адамның түсінігінде аппақ та, шайтан неліктен қара ретінде қабылдайды деп халыққа сауал жолдады.
Сонымен қатар, боксшы нәсілдік алалаушылықты да тілге тиек етті. Жаппай бір ұлттың дәстүрін, мәдениетін, тілі мен ділін тартып алу, құлдық сана, бай мен кедей, ақ пен қара, қожайын мен құл деген түсініктерді қатаң сынға алды.
Оставить комментарий