Коройсын (Жапония)
Ол есікті ақырын итеріп еді жаңбыр суына малшынған темір есік ешқандай дыбыс шығармай ашылып кетті . Ойымен сәйкес келгендей жаңбыр суы есіктің Кірбектеріне кіріп кеткендіктен есіктен титтей де дыбыс шықпады . Ауланың есігінен үйдың есігіне дейінгі аралық екі – үш қадам ғана келетін . Көше бұрылмасындағы көше шырағының әлсіз нұрын көрші үйдың ауласындағы ағаш тосып алғандықтан , бұл жерге жарық түспейтін . Ол қараңғыда есіктің құлпысымен көп әлісіті . Бұл сәт басқалардың үйіне ұрлыққа түсер кездегі сын сағат еді . Кім біледі , айналада біреу-міреу оған қарап тұрма ? осыны ойлап оның өне бойын қара тер басты .
Дәл қазір оған мына құлпыны ашу қиямет қайымның жұмысы сіпеттес болды . Әдеттегі құлпыларды аспаппен арлы-берлі бірнеше бұраса оңай – Оспақ ашылып кетуші еді , бірақ ол мына құлпымен қанша алыссада еш өнімі болмады . Кенет оның жүрегі тас төбесіне шығардай болды . Бұл құлпы құдды оның алдында соғыс даярлығын көріп жатқан генаралдай кескін бейнеде тұрып алды .
Ол бұл есікпен көп уақыт алпарысқан соң кенеттен ұнын шығармай күліп жіберді , " неткен мисыз едім , балалғыым әлі басым екен . . . "
Әсілінде бұл есік құлпысыз еді . Иелеген ахуалға қарағанда , бұл сәт үй иесінің қайтып келетін уақыты емес . Бірақ , кесіп айтуғада болмайды . Ол аяғының ұшымен қимылдап еппен үйге кірді , кенеттен қатты бірдемеге шалынып жығылып түсуге шақ қалды . Сонда да ол үн шығармады , қараңғы үй ішінен ешқандай дыбыс білінер емес .
Осы сәтте ол қол шырағын жақты , бағана ол бір пар қара туфлиға шалынған еді , қара туфлидың бір сыңары есікке қарама – қарсы тұр . Семент еденнің үстінде бір жұп қара туфли ғана емес басқада ер әйел аяқ киімнен бірнешеуі беталды шашылып жатқан еді . Ол қашуға қолайлы болу ұшын бұл аяқ киімдерді бір жаққа қарай оңашалап қояйын деп ойлады . Осы ойдың жетегінде ол семент еденге аяқ киімдерді жұп-жұбымен реттеп тызып қойды . Аяқ киімдердің барлығы үлкендердің аяқ кимі болып , дәл он үш жұп аяқ киім еді .
Тақтай төселге кәридордә сандалдар жистырусыз тұрғандықтан , каридор аяқ алып жүргісіз еді . Ол бұл сандалдарға тайып жығылымауы ұшын асғыс қимылдап сандалдарды аяқ ішкәпқа салды .
Жатын үй де ауызы мұрынынан шығып жатқан еді . Төсек үстіндегі газеттер , ошақ үстіндегі жуылмаған ыдыс айақтар , күлдіктегі темекі қалдықтары , кір қожалақ байпақтар , кірлеп кеткен жастық қап , тістелге алма , керектен шыққан киім ілгіштер бәрі-бәрі бұл ұйдың санын кетіріп тұрған сіпетті .
Жұмысқа кірісудің алдында бір рет реттеп тастасам болатындай деп ойлады ол . Осны ойлап ол үй ышын тез қарқынмен жинастыруға кірісті . Жуылмаған ыдыс – Аяқтарды жуып-шайып ас үйге кіргізді , су науасын корген адамның құсқысы келетіндей , ал еденді де тазаламаса болмайтындай еді . Ол кіржуу машинасын ашып Кірқожалақ жастық қабын , байпақ , кір жейделердің барлғын салды . Сосын уаннадағы ақпай қалған суды ағызып , уаннаны тазалап сұртып шықты .
Бұл үйды тазалап болғанша көп уақыт кеткен еді , қатты шаршағандықтан оның ұрлық істейтіндей шамасы қалмаған еді . Сосын ол тап-таза сүртілген үстелде отырып , көкірегін ашу кернеген бойда үй иесіне былай деп бір парша хат жазды :
"үйыңды жақсылап тазалап қой, сүмелек . Ұйыңның ретсіздігі менің үрлық істеу ниетімнен қайтарды .
Деп: ұры "
Ертесі ол кешегі үйдың алдынан құдды ештеме сезбегендей қаперсіз отып бара жатқанда ол ұйдың алдындағы хат сандыққа жапсырылған бір парша қағазды көзі шалып қалды . Ол қағазға былай деп жазылған еді :
"үйымды тазалап қойғаныңа рахымет , үнемі келіп тұруыңды қарсы аламын .
құрметпен : әйелі ұрланған еркек"
Аударған : Дүйсенәлі Шәмек