Мына христиандар тойлайтын «Жаңа жыл» дегеннің қазаққа қандай қатысы барын түсінбедім. Анау «нағыз қазақстындық» тексіз, дінсіз, тілсіз, орысқұл билік, «шүлдірбайлар» мен «шүлдірбикелер», Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 25 жыл болса да, әлі күнге дейін орыс боданынан шыққылары келмейді. Міне, намыссыз, құлақкесті құл деп кімді айтуға болады.
Біздің ана қаптаған Қарақат-марақаттар, Ләйла-майлалар, т.б. кім еді, қаптаған намыссыз әртіссымақтарымыз, ауыздары майысып, орыс жаңа жылын насихаттауларын қояр емес.
Қазақты шаршатқан намыссыз әртістер болып отыр. Орыстың Жаңа жылын тойлайтындай, ана намыссыз қазақтардың қай ата-бабасынан қалған ұлттық мейрам еді бұл?
Қазақты «мал» десең, тағы да өзіңе тиеді. Бәрін бүлдіріп отырған тағы өзіміздің тексіздер екені жалған ба?
Мына христиан жаңа жылын тойлауды доғаруымыз керек. Ана, өзбек халқы «жаңа жыл» дегенді ұмытқалы қашан? Біздің ұлт көшбасшымыз жаңа жылдық шыршадан қалған емес.
Құлдың аты, құл екен!
Бұлар тұтасымен орындарынан тайдырылмай, Қазақ өзінің ұлттық бейнесіне келе алмайды. Әлі күнге дейін қызыл алаңға қарап мөлиіп отырғандар кімге керек? Бұлар кешегі лениншіл қаза төңкерісінде билікке келген есікте жүрген құлдар мен күңдер еді. Әлі де солай. Құл басқарған мемлекеттің қандай екенін басымыздан кешіп отырмыз...
Сонымен орыс жаңа жылы дегенді тойлайтындар негізінен біздегі намыссыз құлдар екені өтірік пе?..
Жұмаш Кенебай