«МузАрт» тобы 15 жылдық концертінде үшеуі де шаштарын алып, тойларда ән салмай, 3-4 айлық демалысқа шығамыз деп айтып қалған болатын. "Түнгі студияға" қонақ ретінде келіп қатысқан Мейрамбек уәделінің бұзылмайтынын айтты. Оған себеп - бірнеше ән емес, тұтас альбом жазу идеясы. 3-4 ай ешқайда шықпастан өнерпаздар "хит" болатын әндерді халыққа сыйламақшы.