КСРО-ны аңсайтындарға арналған дәмхана ашылды

/uploads/thumbnail/20170709191916753_small.jpg

28 желтоқсанда «Арбасткая» атты Мәскеу мерополитенінде қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін   аты аңызға айналған «Буфет №11» дәмханасы ашылды деп хабарлайды vesti.ru.  Ол 1968 жылдан бастап астаналық жер асты метро бекетінде жұмыс істеген. Енді өткенге саяхат жасағысы келетіндерге есігін  қайта ашты.

Дәмхана ретро стилінде безендірілгенімен, заманауи мегаполистің сұраныстарына жауап беретіндей жасақталған. Сәтті дизайнерлік шешімдердің арқасында буфетте 1930 жылғы атмосфераны орната алған.

Еденге 4 реңктегі плитканы орнатып, қабырғаға қола аспалы шамын орналастырған. Мұндағы тағамдар да арзан. Сонымен қатар үлкен буын балалық шағында дәмін татып көрген «кеңестік» лимонадты да іше алады.

 

 

Связанные Статьи