Ресей Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевпен Астанада өтетін сириялық келіссөз бойынша телефон арқылы сөйлесіп, осы сұрақтар төңірегінде ақылдасты.
Бұл туралы Кремль сайтында жариялады.
«Сириялық реттеу бойынша Астанада өтетін кездесудің сұрақтарымен қоса, Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚКҰ-ның саммитiнің қорытындысын талқылады», деп айтылды хабарламада.